2025 жылдың қараша айында А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің кәсіптік бағдар беру педагогы К.Курамаеваның ұйымдастыруымен мектебіміздің 9”Ә”,9”А”,9”Б” сынып оқушыларымен Шу қаласында орналасқан № 10 колледжіне “ Ашық есік күні” ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларға болашақ мамандықтар туралы кеңінен мәлімет беру,колледждің оқу бағыттарымен және материалдық-техникалық базасымен таныстыру,саналы түрде мамандық таңдауға бағыт беру.
Іс-шара барысында оқушылар оқу орнының оқыту ерекшеліктерімен,талаптарымен танысып,болашақ кәсіби бағдарын айқындауға мүмкіндік ала отырып,түрлі кәсіптер туралы ақпарттар алды.







