Негізгі қарастырылған тақырыптар:
- Жол белгілерін танып, қолдану дағдыларын қалыптастыру;
- Өзін-өзі жолда қауіпсіз ұстау тәсілдері;
- Қауіпті аймақтар мен жол бойындағы негізгі ережелер.
Іс-шара барысында оқушылар жол ережелері бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті.
Іс-шара соңында полиция қызметкері мектеп оқушыларына бейне үндеу жолдады. Үндеу мазмұны:
Полиция қызметкерлері оқушыларға жолда абай болу, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жаяу жүргіншілер жолағынан ғана өту, құлаққап пен телефон қолданудан аулақ болу туралы үндеу жасады. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің велосипед секілді құралдарды пайдаланған кезде де сақ болу қажеттігі ескертілді. #Актуальные #Шу_ауданы_білім_бөлімі #ҚАУІПСІЗ_ОРТА_ҚАЛЫПТАСТЫРУ #Жол_көлік_оқиғаларының_алдын_алу





