А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің кәсіптік бағдар беру жұмысының жылдық жоспарына сәйкес кәсіптік бағдар беру педагогы : К.Курамаева мектебіміздің 9”А”,9”Ә”,9”Б” сынып оқушыларымен Шу қаласында орналасқан “Шу станциясы көліктегі полиция мекемесіне” ашық есік күнін ұйымдастырды.
Іс-шара барысында полиция аға лейтенанты: Башаров Абзал Арарұлы оқушыларға полиция бөлімінің қызмет бағыттары,мамандық ерекшіліктері,жұмыс тәртібі мен қойылатын талаптар туралы толық ақпараттар берді.Сонымен қатар оқушылар сұрақтар қойып,өздерін қызықтырған тақырыптар бойынша мамандардан нақты жауаптарын алды.
Іс-шара мақсаты: Оқушыларға болашақ мамандықтары туралы түсінігін кеңейту,құқық қорғау саласы туралы ақпарат беру.Болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға бағыт беру,мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру.








