МЕКТЕПТЕ "ДосболLIKE» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НАУҚАНЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ!!!
2025 жылдың 16 қарашасы күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен қолға алынған *БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын ратификациялау* және «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық ақпараттық науқаны аясында "Мектептегі әлімжеттік және оның жауапкершілігі» тақырыбында
маңызды кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға Шу аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының полицейі, полиция аға лейтенанты Кусайнов Максат Мусабекович арнайы шақырылып, 5–11 сынып оқушыларымен кездесті.
Іс-шараның негізгі мақсаты:
– Оқушылар арасында мектепішілік әлімжеттік, зорлық-зомбылық, қараусыздық және құқық бұзушылықтың алдын алу;
– Балаларға құқықтық сауаттылықты түсіндіру;
– Қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру.
Кездесу барысында полиция инспекторы:
Кездесу барысында оқушылар заң алдындағы жауапкершілік, достық қарым-қатынас, өзара сыйластық туралы маңызды ақпарат алды. Жоғарыда аталған іс-шара оқушылардың құқықтық сауатын арттыруға және мектеп ішіндегі зорлық-зомбылықты болдырмауға бағытталған.









