А.С. Макаренко атындағы орта мектепте “Адал ұрпақ” ерікті клубына 5-11 сыныптың үздік оқушыларын клубқа қабылдау рәсімі өткізілді. Мақсаты — оқушылар арасында адалдық, әділдік, жауапкершілік, азаматтық ұстаным және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Шара барысында клубтың мақсаты мен міндеттері таныстырылып, оқушыларға адал болудың маңызы түсіндірілді. Үздік оқушылар арнайы ант қабылдап, “Адал ұрпақ” клубының толыққанды мүшелері атанды.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың белсенділік көрсетуіне мүмкіндік жасалды. Клубқа қабылданған оқушылар алдағы уақытта мектептегі түрлі әлеуметтік, мәдени және тәрбие жұмыстарына үлес қосатын болады.




