МЕКТЕПТЕ "ДосболLIKE» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НАУҚАНЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ!!!
2025 жылдың 17 қараша күні Жамбыл облысы, Шу ауданы, А.С. Макаренко атындағы орта мектебінің 2 "А" сыныбының жетекшісі А.Құсабаева «Достық – татулықтың негізі» тақырыбында тәрбие сағатын жүргізді. Іс-шараның мақсаты оушылардың достық туралы түсініктерін кеңейту, бір-біріне деген сыйластық, құрмет сезімдерін арттыру, ұжымда тату қарым-қатынас қалыптастыру.
Сабақ барысында оқушылар:
- Достық туралы мақал-мәтелдермен танысты;
- «Мен досымды ренжіте алмаймын, себебі...» және т.б. сөйлемдерді толықтырып, өз ойларын айтты;
- Топпен жұмыс жасап, «Достық ережелерін» ойлап тапты;
- «Сынып ұраны» мен «Қарым-қатынас жадынамасын» құрды.
Сабақ өз деңгейінде өтті. Оқушылар белсенділік танытып, тақырыпқа қызығушылықпен қатысты. Достық, сыйластық, бірлік құндылықтары жайлы білімдерін кеңейтті. Барлық оқушы өз ойын айтып, бір-бірін тыңдауға және құрметтеуге дағдыланды. Тақырып бойынша мақсатқа қол жеткізілді.


