А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде “Адал азамат - Адал еңбек - Адал табыс” тақырыбында сынып сағатын әлеуметтік педагог Н.Жадрасинова мен “Адал ұрпақ” клуб жетекшісі А.Тұрғынбай өткізді.
Мақсаты: Оқушыларға адалдық, әділдік, еңбекқорлық құндылықтарын түсіндіру, адал табысқа жетудің маңызын ұғындыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Сынып сағаты барысында «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» ұстанымының мәні кеңінен түсіндіріліп, адал еңбектің адам өміріндегі рөлі талқыланды. Оқушыларға адал табыстың – шынайы еңбектің нәтижесі екені, әділдік пен жауапкершіліктің қоғам дамуына қосатын үлесі жөнінде мәлімет берілді.
Пікірталас ұйымдастырылып, оқушылар адалдыққа, еңбекқорлыққа және парасаттылыққа қатысты өз ойларымен бөлісті. Адал азамат тәрбиелеудің қоғамдағы маңызы айтылды.
Сабақ оқушылардың адал еңбекке деген көзқарасын нығайтып, әділдік пен адал табыстың құндылығын түсіндіруге ықпал етті.



