Оқушы қыздармен жұмыс жүргізудің ең маңызды әдісі – кеңес беру!!!

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде Баланың зорлық– зомбылықтан қорғау ,суицидтің алдын алу және олардың саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған ҚР Үкіметінің 31 .08.2023ж. № 748 қаулысына сәйкес, кәмелетке жасы толмаған оқушы қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алуға байланысты т
үсініктерін қалыптастыру отырып, денсаулықты сақтауға бағытталған жауапты шешім қабылдай білуге тәрбиелеу мен медициналық сауаттылықты арттыру мақсатында Шу қалалық емханасының жастар денсаулық орталығының маманы Оспанова Есен Алмешовна "Репродуктивті денсаулықты сақтау мен өнегелі жыныстық тәрбие"тақырыбында ақпараттық- түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында Оспанова Есен Алмешовна
- жасөспірімдер арасында жиі кездесетін ерте жүктіліктің себептері мен салдарын түсіндірді;
- ерте жүктіліктің физикалық және психологиялық тұрғыдан қыз балаға тигізетін зиянды жақтарына тоқталды;
- өз-өзін бағалау, жеке шекара, өмірлік маңызы бар шешім қабылдау тақырыптарында кеңес берді;
- санитарлық-гигиеналық тәртіп пен репродуктивті денсаулықты сақтау жолдары жайында мағлұмат берді.
Кездесу сұрақ-жауап форматында жүргізілді.Іс-шара барысында
қыз балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты. Маман барлық сұрақтарға кәсіби тұрғыдан жауап беріп, сенімді қарым-қатынас орната білді.

Е.Оспанова жасөспірімдер үшін маңызды тақырыптарды қозғап, қыздарды болашақта денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырды. Алдағы уақытта да жоғарыда аталған бағыттағы кездесулер жалғасын табатын болады.