Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі “Балалар кітапханасы” жобасы аясындағы “Желтоқсан-ызғарлы жел соққан күн” тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларға еліміздің Тәуелсіздік жолындағы күресі мен тарихи кезеңдерін, жетістіктерін таныстыру; отансүйгіштік пен ұлттық рухты қалыптастыру.
Аталған тақырып аясында мектепте «Желтоқсан — ызғарлы жел соққан күн» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік тарихына, мемлекеттік рәміздерге, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясымен қатар, ел дамуы мен жетістіктерін баяндайтын әдебиеттер, деректі кітаптар мен танымдық басылымдар қойылды.
Сонымен қатар, Тәуелсіздік жылдарындағы маңызды оқиғалар мен тарихи тұлғалар туралы материалдар ұсынылды. Іс-шара оқушылардың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, жас ұрпақты Тәуелсіздікті қадірлеуге және оны қорғауға, нығайтуға тәрбиелеуге бағытталды.



