А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде
1–4 сыныптар арасында «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік кеш жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып, өз шымылдығын ашты.
Іс-шара барысында мектеп директоры А.А.Тунгатаров оқушыларға жылы лебізін білдіріп, жаңа жылдарымен құттықтады. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, ән мен биге, қызықты ертегілер, көріністерге толы мерекелік бағдарлама ұсынды.



