А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде қысқы демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Біз жаңа жылды отбасымызбен дәстүрлейміз» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Мақсаты – оқушылардың отбасылық құндылықтарға деген көзқарасын қалыптастыру, ұлттық дәстүрлерді дәріптеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Іс-шара барысында оқушылар отбасы мүшелерімен бірге жаңа жылды қарсы алу дәстүрлерін шығармашылық жұмыстар арқылы көрсетті.


