А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде қысқы демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Жас Ұлан» ұйымының «Отбасылық Жаңа жылмен құттықтау» атты видеоролик жобасы жүзеге асырылды.
Мақсаты – оқушылардың отбасылық байланысын нығайту, мерекелік көңіл күй сыйлау, отбасылық құндылықтарды насихаттау, ұйым мүшелерінің белсенділігін арттыру.
Іс-шара аясында оқушылар өз отбасы мүшелерімен бірігіп Жаңа жылмен құттықтаған жылы лебізді видеороликтерін жіберді. Жоба оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және отбасылық бірлікті нығайтуға бағытталды.


