Шу қаласының “А.С. Макаренко атындағы орта мектебі» КММ орыс және қазақ тілінде мектеп жанындағы интернат тәрбиешісіне тұрақты бос лауазымына конкурс жариялайды
|
1 |
Білім беру ұйымының атауы |
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
|
орналасқан жері, пошталық мекенжайы |
081124, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шу қаласы, Қарасу көшесі, 2 |
|
|
телефон |
3-07-61 |
|
|
электрондық пошта мекенжайы |
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. |
|
|
2 |
Бос немесе уақытша бос лауазымның атауы, жүктеме |
Тұрақты қазақ және орыс тілінде интернат тәрбиешісіне,1 бірлік |
|
негізгі функционалдық міндеттері |
жатақханада тәрбие және мәдени-бұқаралық жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді; тәрбие жұмысының мазмұнын, нысандары мен әдістерін жетілдіреді; білім алушылардың спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық тәрбиесін жүзеге асырады; баланың құқықтарын іске асыруға ықпал етеді, тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды; жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады; ата-аналармен немесе қамқоршылармен байланыс орнатады; білім алушылармен жеке жұмыс жүргізеді; білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді; еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерінің талаптарын орындайды. |
|
|
еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары |
- еңбек өтілі мен біліктілік санатына сәйкес төленеді; |
|
|
3 |
Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамалары |
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта) жұмыс өтіліне талап қойылмайды; және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл. 1) "педагог": білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлауға және ұйымдастыруға тиіс; білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлауға және ұйымдастыруға тиіс; білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етуге; білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысуға; білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыруға; кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын пайдалануға; сандық білім беру ресурстарын қолдануға тиіс; 2) "педагог-модератор": "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға тиіс, сондай-ақ: оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдануға; білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтауға; білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы тиіс; 3) "педагог-сарапшы": "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға тиіс , сондай-ақ: ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын пайдалануға; тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындауға; аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтауға; аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылары болуға тиіс; 4) "педагог-зерттеуші": "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға тиіс, сондай-ақ: сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын пайдалануға; білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуге; аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асыруға және даму стратегиясын айқындауға; облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтауға (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін); облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы тиіс (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін); 5) "педагог-шебер": "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуға тиіс, сондай-ақ: облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-де мақұлданған авторлық бағдарламасы болуы немесе басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болуы; ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етуі; тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлауға; республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындауға тиіс. |
|
4 |
Құжаттарды қабылдау мерзімі |
12-20.01. 2026 жыл Сағат 9.00-18.00, үзіліс 13.00-14.00дейін |
|
5 |
Қажетті құжаттар тізімі |
1) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; 7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама; 8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама; 9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса); 10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат; 11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы; 12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат. |
|
6 |
Комиссия мүшелерінің құжаттарды қарау мерзімі |
2026 жылдың 21-27 қантар күндер аралығында (5 жұмыс күндері) |


