Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ
А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде “Ата-аналарды қолдау орталығының”жылдық жұмыс жоспарға сәйкес,
ата-аналармен сынып жетекшілері Халық.А және Беремкулова.А сабақ өткізді .
Жиналыс барысында төмендегі мәселелер қаралды:
1. Оқу-тәрбие процесіндегі ата-аналардың рөлі мен мектеппен қарым-қатынасты нығайту.
2. Оқушылардың оқу үлгерімі, тәртібі және психологиялық ахуалы туралы ақпарат беру.
3. Ата-аналарға қолдау көрсету бағытындағы орталықтың қызметтерімен таныстыру.
4. Мектеп пен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-шаралар жоспарын талқылау.
5. Үй жағдайында баланың сабаққа дайындығын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар беру.
Жиналысқа қатысқан ата-аналар көкейдегі сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
Іс-шара жоспарға сәйкес жоғары деңгейде өткізілді.
 
Возможно, это изображение помост
Возможно, это изображение один или несколько человек, стол и текст
Возможно, это изображение один или несколько человек
 
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы “Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығы” бойынша А.С.Макаренко мектебінің оқушылары оқу орны ұйымдастырған спорттық іс-шараларға тұрақты түрде әрі белсене қатысты. Командалық ойындарда ұйымшылдық танытып, спорт ережелерін сақтай отырып үздік нәтиже көрсетті. Олардың спортқа деген қызығушылығы мен жауапкершілігі ерекше атап өтіледі.
Облыстық “Ұлттық мектеп лигасы” ұйымдастырған іс-шарада футбол спорт түрінен 7-8 сынып (қыздар) арасында III орын алған:Рамазанова Тахмина
“Балдәурен” облыстық турнирінде II орын алған:Бахарчиева Тамилла
Усман Айша
Төрехан Даная
Оразхан Аянат
Баядилова Сания
Жәнібек Кәусар
Облыстық “Ұлттық мектеп лигасы” ұйымдастырған іс-шарада футбол спорт түрінен 7-8 сынып (қыздар) арасында жалпы командалық есепте III орын алған:А.С.Макаренко орта мектебі
Аудандық 7-8 сынып (қыздар) арасында өткізілген жарыста жүлделі I-орын иеленген:А.С.Макаренко орта мектебінің командасы.
Спорт алаңына шыққан әр оқушы – өз әлемінің чемпионы.Әр қадамы – жігер, әр жеңісі – еңбектің жемісі. Осы белсенділіктің арқасында олар мектебіміздің мақтанына айналып отыр.
Мектебіміздің мақтаныштары,алдыңғы келер жарыста сәттілік тілейміз!
 
Возможно, это изображение боевые искусства, детская игрушка и текст
Возможно, это изображение текст
 
А. С. Макаренко атындағы орта мектебінде 14 қараша күні «Өнегелі 15 минут» тәрбие сағаты аясында, «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде “қол күрес,, сайысын аға тәлімгер: Танекей Қарақат пен мектеп фракциясы ұйымдастырды.
Мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, күш-қайрат пен ерік-жігерді арттыру, достық пен адал бәсекелестікті қалыптастыру.
Сайысқа 5-8 сынып оқушылары белсене қатысып, өз күштерін сынады.
 
МЕКТЕПТЕ "ДосболLIKE» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НАУҚАНЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ!!! 📌 2025 жылдың 17 қараша күні Жамбыл облысы, Шу ауданы, А.С. Макаренко атындағы орта мектебінің 4 "Ә" сыныбының жетекшісі А.Нұрадин ««ДОСБОЛLIKE – Буллингтен қорған!», «Сөздің ұлы күші» және «Шұғыл қызметтер мен байланыс орталықтарының телефон нөмірлері» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға сөздің күші, әсері, тәрбиелік рөлі туралы түсінік беру, әдептілік, сыйластық және жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру. Қауіпсіздік сабағының мақсаты – шұғыл қызмет нөмірлерін дұрыс қолдануға үйрету, төтенше жағдайда дұрыс әрекет етуді меңгерту.
Сынып сағаты барысында «Жалғастыр», «Не істеуге болмайды?», «Не істеу керек?» ойындары, жағдаяттық талдау және шығармашылық тапсырмалар қолданылды. Оқушылар сөздің эмоционалдық әсерін, оның күшін, адам өміріндегі орнын түсінетін тапсырмалар орындады. Қауіпсіздік сабағында сұрақ-жауап, жағдаятты шешу, «Қызметті тап» ойыны, рөлдік тапсырмалар, жедел қызмет нөмірлерін жаттау және рефлексия әдістері пайдаланылды.
Оқушылар сөздің адамға әсер ететін күшін түсінді, жақсы сөздің тәрбиелік мәнін ұғынды, өз ойын мәдениетті жеткізу дағдылары қалыптасты. Әдептілік, жауапкершілік және сыйластық қасиеттері дамыды. Шұғыл қызмет нөмірлерін (101, 102, 103, 104, 112, 111) дұрыс қолдануды меңгерді. Төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету және ақпаратты нақты жеткізу қажеттілігін түсінді.
Сынып сағаты мен қауіпсіздік сабағы жоспарға сай өткізілді.
 
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ