Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ
МЕКТЕПТЕ "ДосболLIKE» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НАУҚАНЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ!!! 📌 2025 жылдың 16 қарашасы күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен қолға алынған *БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын ратификациялау* және «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық ақпараттық науқаны аясында "Мектептегі әлімжеттік және оның жауапкершілігі» тақырыбында
маңызды кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға Шу аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының полицейі, полиция аға лейтенанты Кусайнов Максат Мусабекович арнайы шақырылып, 5–11 сынып оқушыларымен кездесті.
Іс-шараның негізгі мақсаты:
– Оқушылар арасында мектепішілік әлімжеттік, зорлық-зомбылық, қараусыздық және құқық бұзушылықтың алдын алу;
– Балаларға құқықтық сауаттылықты түсіндіру;
– Қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру.
Кездесу барысында полиция инспекторы:
🔹 Мектептегі әлімжеттік (буллинг) дегеніміз не екенін түсіндірді;
🔹 Буллингтің психологиялық және құқықтық салдарларын мысалдармен көрсетті;
🔹 ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі мен Қылмыстық кодексіндегі кәмелетке толмағандарға қатысты баптарды таныстырды;
🔹 Жәбірлеуші мен жәбірленушінің құқығы туралы айтып өтті. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға инспектор нақты әрі мазмұнды жауап беріп, өз құқықтарын қорғау жолдарын түсіндірді. Әсіресе балаларға қандай жағдайларда ата-аналар, мектеп әкімшілігі немесе құқық қорғау органдарына жүгіну қажет екенін айтып өтті.
Кездесу барысында оқушылар заң алдындағы жауапкершілік, достық қарым-қатынас, өзара сыйластық туралы маңызды ақпарат алды. Жоғарыда аталған іс-шара оқушылардың құқықтық сауатын арттыруға және мектеп ішіндегі зорлық-зомбылықты болдырмауға бағытталған.
 
Возможно, это изображение текст "ЭЛΙМЖЕΤΤΙК БОПСАЛАУ жол бермейк Элимжеттк дегени дегенимне? не? Бопсалау деген не? Элим лимжеттк адамнын баска адамды сезбеннемесе сезбен немесе дене кушимен кушменкорлал,жабирлеу.Б корлап, жабрлеу. Бул когамда, мектепте умыс орнында HeMece уиде орнынданемесеуйдеоры орын алуы алуымумк Мумкн. Бопсалау бар адамнын немесе топтын6 back адамды коркытып коркинтып,оныц,мулкн онын MYAKIH немесежекеакпаратыналу алу немесе аклараты YUJIH, одан акша Hemece немесебаск баска да иплктер лап туг."
Возможно, это изображение учеба и текст
Возможно, это изображение учеба
Возможно, это изображение один или несколько человек и люди учатся
Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, помост и текст
Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст "A BANHOPE ARY"
Нет описания фото.
 
А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің кәсіптік бағдар беру жұмысының жылдық жоспарына сәйкес кәсіптік бағдар беру педагогы : К.Курамаева мектебіміздің 9”А”,9”Ә”,9”Б” сынып оқушыларымен Шу қаласында орналасқан “Шу станциясы көліктегі полиция мекемесіне” ашық есік күнін ұйымдастырды.
Іс-шара барысында полиция аға лейтенанты: Башаров Абзал Арарұлы оқушыларға полиция бөлімінің қызмет бағыттары,мамандық ерекшіліктері,жұмыс тәртібі мен қойылатын талаптар туралы толық ақпараттар берді.Сонымен қатар оқушылар сұрақтар қойып,өздерін қызықтырған тақырыптар бойынша мамандардан нақты жауаптарын алды.
Іс-шара мақсаты: Оқушыларға болашақ мамандықтары туралы түсінігін кеңейту,құқық қорғау саласы туралы ақпарат беру.Болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға бағыт беру,мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру.
 
Возможно, это изображение текст "τκ баедар беру"
Нет описания фото.
Возможно, это изображение текст "IHu POLISIA"
Возможно, это изображение текст
Возможно, это изображение стендовая стрельба
Нет описания фото.
 
📌Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде 13 қараша 2025 жылы 6 «б» сынып оқушылармен “Армандар картасы” әдістемесі жүргізілді.😍
Армандар картасы- жеке мақсаттарға жетудің құралы, ол суреттер мен сөздерден тұратын коллаж түрінде жасалады. Оқушылар армандар картасын аса қызығушылықпен орындады. Оқушыларға бар арман мақсаттарыңыз орындалсын деп тілейміз!🌟
 
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде 12 қараша 2025 жылы 11 сынып оқушылар арасында психологиялық тренинг ұйымдастырылды.«Оқуда кездесетін кедергілерді жеңу».Мақсаты: Оқуда кездесетін кедергілерді жеңу және кедергіден шығу жолдары. Сондай-ақ, «Көңіл күйім» жаттығуы. Мақсаты: Оқушы қағаз бетіне сүйікті әуенін түсіреді.
🎯 Тренингтің мақсаты:
Сыныптағы бірлікті, достыққа шақыру
Эмоциялық қолдау көрсету;
ҰБТ алдындағы қобалжуды азайтып, бір-біріне сенімділікті арттыру.
 
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ