Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ
2025 жылдың қараша айында А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің кәсіптік бағдар беру педагогы К.Курамаеваның ұйымдастыруымен мектебіміздің 9”Ә”,9”А”,9”Б” сынып оқушыларымен Шу қаласында орналасқан № 10 колледжіне “ Ашық есік күні” ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларға болашақ мамандықтар туралы кеңінен мәлімет беру,колледждің оқу бағыттарымен және материалдық-техникалық базасымен таныстыру,саналы түрде мамандық таңдауға бағыт беру.
Іс-шара барысында оқушылар оқу орнының оқыту ерекшеліктерімен,талаптарымен танысып,болашақ кәсіби бағдарын айқындауға мүмкіндік ала отырып,түрлі кәсіптер туралы ақпарттар алды.
 
Возможно, это изображение один или несколько человек и текст
Возможно, это изображение текст
Возможно, это изображение один или несколько человек, кларнет, скрипка и текст
Возможно, это изображение больница
Возможно, это изображение измельчитель и текст
А.С Макаренко атындағы орта мектеп жанындағы интернат тәрбиешісі Ү.Байғараева ұл балалармен «Әкенің берген тәрбиесі — балаға өмірлік азық» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. “Адал Азамат біртұтас тәрбие” бағдарламасын жүзеге асыру барысында баланың рухани-адамгершілік дамуына жағдай жасау, отбасылық құндылықты нәсихаттау.
Мақсаты: Әке тәрбиесінің бала өміріндегі маңызын түсіндіру, ұл балалардың бойында ер азаматқа тән қасиеттерді: жауапкершілік, еңбексүйгіштік, намыс, сыйластық сезімдерін қалыптастыру.
Дөңгелек үстелді психолог Ж.Ченчызбаева тренинг түрінде өткізді. Сабақ барысында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, өмірлік мысалдар келтірді, түрлі психологиялық жаттығулар мен пікірталастар жүргізілді. «Менің әкем – менің үлгі тұтар тұлғам» тақырыбында ой бөлісу ұйымдастырылды.
Іс-шара соңында ұл балалар әкенің бала өміріндегі орнын, тәрбиелік ықпалын түсініп, өз әкелеріне деген құрмет пен ризашылық сезімдерін білдірді.
 
Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, детская игрушка и текст

А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде ТЖ министрлігінің тапсырмасына сәйкес облыс бойынша оқу орындарында бүгін 12.11.2025 ж. жұмыс күні басталғаннан бастап сейсможаттығу өткізу туралы тапсырма орындалды. Тапсырма бойынша мектеп директоры А.А.Тунгатаровтың ұйымдастыруымен мектеп ұжымы мұғалімдер, сондай-ақ қызметкерлер және оқушылар қамтылды. Жер сілкінісі болған жағдайда мектеп басшылығы нақты жағдайларда дайын болу мақсатында сейсможаттығу жұмыстарын жүргізу жағдайында арнайы бағыт-бағдар оқиғалар болған жағдайда барлық мұғалімдер мен қызметкерлерге, оқушыларға алдын ала жүргізілген нұсқауларды іске асыруда көмек көрсетілді. Сейсможаттығу ұйымдасқан түрде жүргізілді. Жаттығу қорытындылары жақсы деген баға берілді.

https://www.facebook.com/share/r/1W5gwvXpmQ/

📝 МЕКТЕПТЕ "ДосболLIKE» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НАУҚАНЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ!!! 📌 2025 жылдың қараша айында Жамбыл облысы, Шу ауданы, А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде 1 "Ә" сынып жетекшісі А. Халықтың ұйымдастыруымен «Өнер жан-жақтылықта, ал күш бірлікте» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында позитивті көңіл-күй қалыптастыру, достық пен ынтымақтың маңызын ұғындыру .
Сабақ «Шаттық шеңбері» арқылы басталып, оқушылар қол ұстасып, «Достық» әнін шырқады. Бұл бөлім оқушыларды эмоционалды жағынан баптап, ынтымақ пен бірлікке шақыруға бағытталды.
Мұғалім сабақ барысында түрлі маман иелерінің (суретші, әнші, биші, спортшы) суреттерін көрсетіп, олардың ортақ қасиеттерін талдауға бағытталған сұрақтар қойды. Балалар бұл адамдардың барлығын біріктіретін – еңбек және бірлік,достық екенін атап өтті.
Оқушылар сабақ соңында достық пен бірліктің маңызын түсініп, өз ойларын шығармашылық жолмен еркін жеткізе алады. #Актуальные
 
 
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ