Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ
“Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде”мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Т.Омарованың ұйымдастыруымен #37 Балалар жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары мен әдіскері 5, 7, 8, 9-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Оқушыларға түсіндірме жұмыстарын
⚡️ Арыстанұлы Оразалы – бокстан жаттықтырушы
⚡️ Тлеуқұлов Ермахан – таэквандодан жаттықтырушы
⚡️ Әбіш Жанерке – әдіскер жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға салауатты өмір салтының маңызы, спорттың денсаулыққа пайдасы түсіндіріліп, бокстың және таеквандоның ерекшеліктері жайлы мол мағлұмат берілді.
💉 Сонымен қатар мектеп медбикесі Г.Арипова сөз алып, оқушыларға тазалық пен денсаулықтың өзара байланысы туралы пайдалы кеңестер берді.
💪 Іс-шара жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттырып, жігерін шыңдай түсті.
#СалауаттыӨмірСалты #Спорт .С.МакаренкоМектебі
 
Нет описания фото.
А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде бүгін ерекше мерекелік көңіл-күйде “Денсаулық күні” аталып өтті! 🏃‍♂️⚽️🏸
📌 Күн таңғы сергіткіш жаттығумен басталып, оқушылар белсенділік танытты.
Оқушылар салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын дәріптеп, спорттық ойындарға қатысып, көңілді уақыт өткізді. 💪🌿
🤝 Эстафетаны жалғастыра отырып, келесі челленджді Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебіне жолдаймыз!
 
Бүгін, 1 қыркүйек – Білім күніне орай А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті.
Бұл – ерекше күн! Жаңа оқу жылы, жаңа белестер мен жаңа мүмкіндіктердің бастауы.
Ал мектеп – тек білім ордасы емес, ол – мейірім мен шуаққа толы мекен.
🎓 Салтанатты жиынды мектеп директоры А.Тунгатаров ашып, оқушылар мен ұстаздарға жүрекжарды тілегін арнады.
🗣 Сонымен қатар, Ата - аналар кеңесінің төрағасы Т. Абдулбаев құттықтау сөз сөйлеп, жаңа оқу жылында табыс пен ынтымақ тіледі.
🔔 Алғашқы қоңырау үні сыңғырлап, мектеп ауласын шаттыққа бөледі. Оқушылардың әсем әні мен биі мерекенің шырайын аша түсті.
Мектебіміз – мейірім мен білімнің ордасы.
Жаңа оқу жылы жарқын болсын! Баршаңызға сәттілік тілейміз!
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ