Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ
МЕНЮ
А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің “Қарттарым асыл қазына “ тақырыбында құрылған жоспарға сәйкес 8-10сынып оқушыларымен “Мектеп ауласы - біздің ортақ үйіміз” тақырыбында тазалық акциясы жүргізілді.
Мақсаты: Оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу;
• Мектеп ауласын көгалдандыру, таза ұстау, эстетикалық көрінісін жақсарту;
• Оқушылардың еңбекке, ұжымдық жұмысқа деген қызығушылығын арттыру;
• Жауапкершілік пен ұқыптылыққа дағдыландыру;






Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде 11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру педагогының ұйымдастырумен
Мамандық таудау бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Жұмыс барысында оқушыларға Қазақстан Республикасында орналасқан жоғары оқу орындары,мамандықтардың бейіндері,элементтері мен шифрлары туралы мәлімет берілді.
Сонымен қатар QR -код арқылы өздерін қызықтырған сұрақтарға,сұранысқа ие мамандықтар,ерекше мамандықтар,ақыл-кеңестер,жалпы мамандықтар түрі мен тізімімен таныса отырып ,көптеген мәліметтер алды.
Түсіндірме жұмысы барысында Қазақстан Республикасында және шетелдегі жоғары оқу орындары туралы брашуралар таратылып,мағлұматтар берілді.







А.С.Макаренко атындағы орта мектеп кітапханасында оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу, кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында ,,Үзіліс уақытында кітап оқимыз "атты іс шара ұйымдастырылды.Іс шара барысында үзіліс кезінде оқушылар түрлі қызықты кітаптарды таңдап оқыды. Соның ішінде Б.Соқпақбаевтың ,,,Балалық шаққа саяхат" тақырыбында кітап оқыды. ІС шараның басты мақсаты балаларды кітаппен жақын дос болуға баулу,оқу мәдениетін қалыптастыру,үзіліс уақытын тиімді пайдалану.
"МЕНІҢ СЫНЫБЫМ-БУЛЛИНГКЕ ҚАРСЫ"
Балалардың физикалық және психологиялық қауіпсіздік мәселелеріне саналы түрде көзқарас қалыптастыруына назар аударту. Балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, сондай-ақ оларға достыққа, өзара түсіністік пен көмек көрсетуге ынталандыру мақсатында
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ


