Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ
МЕНЮ
А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің кітапханашысы Б.Исаева “Кітапханаға саяхат” тақырыбында 1 сынып оқушыларын кітапханамен таныстырды.
Мақсаты: Балалардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, кітапты күтіп ұстауға баулу. Оқуға деген сүйіспеншілік ті қалыптастыру, Кітапханаға жиі келуге үйрету.
А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде 1- сынып оқушылары сынып жетекшісі мен бірге Кітапханаға саяхат жасады. Олар Кітапхананы көріп,кітаптармен танысты.
А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің біртұтас тәрбие жоспарына сәйкес
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында мектеп жанындағы бау-бақшада өскен көкөністерді жинау және тазалау жұмысары ұйымдастырылды.
Оқушылар көкөністерді жинап, бау-бақша аумағын ретке келтіру ісіне белсене қатысып, адал еңбек пен ұқыптылықтың маңызын ұғынды.
Бұл іс-шара олардың еңбекке деген сүйіспеншілігін арттырып, табиғатты аялауға, жауапкершілікке тәрбиелей түсті.







А.С.Макаренко атындағы орта мектебі Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық
психологиялық қолдау орталығы» облыстағы жасөспірімдер арасында құқық
бұзушылықтың, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында
оқушылар мен олардың ата-аналарына арналған жаднама парағы

15 қыркүйек 2025 жылы А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде “Қазіргі балалар мен ата-аналар” тақырыбында жалпы ата -аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың күн тәртібімен мектеп директоры А.Тунгатаров таныстырды.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
1."Мектепке жол" республикалық акциясы аясында қолдау көрсету және әлеуметтік көмектер мен ыстық тамақтың ұйымдастырылуы туралы ақпарат.
2.Балалар қауіпсіздігі және зорлық- зомбылықтың алдын алу вебинары.
4.2025-2026 оқу жылындағы тәрбие бағыты "Адал азамат"Біртұтас тәрбие бағдарламасымен таныстыру
5.Оқушылардың "Мектепішілік есепке алу туралы ережемен таныстыру"
Жиналыс сағат 16:00-де басталды. Жиналысқа Шу қаласының әкімдігінің орынбасары Төлендиев Болатжан Бақытұлы, Шу қалалық ардагерлер төрағасы Бейсембаев Мэлс Нысанбайұлы, Шу қалалық емханасы профилактикалық бөлім меңгерушісі Оспанова Есен Алмешовна, Шу АПБ-нің полиция аға лейтенанты Қусайнов Мақсат Мусабекович шақырылды. Жиналысқа 60 ата-ана қатысты. Шақырылған қонақтар әр меселе бойынша сөз алып отырды. Мектеп диреторының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Исмаилова мектеп ішілік есептке алу ережесімен таныстырып, балалардың тәрбиесі туралы сөз алды. Жиналыс соңында ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, отырыс шешіміне барлығы бірауыздан келісті.







© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ


