Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ
Мектебімізде “Отбасы- бақыт мекені” Республикалық апталықтың жоспарына сәйкес, мектеп кітапханашысы Б.Исатаева “Бақытты отбасы-зорлық зомбылықсыз әлем” тақырыбында кітап көрмесін өткізді. Көрмеге 8 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар өздерінің отбасында қандай тәрбие алатындары туралы өз ойларымен бөлісті.
«Зорлық-зомбылықсыз отбасы» тақырыбындағы кітап көрмесінің мақсаты:
• Отбасы құндылықтарын насихаттау, зорлық-зомбылыққа қарсы көзқарас қалыптастыру;
• Оқырмандарды мейірімділікке, сыйластыққа, түсіністікке баулу;
• Зорлық-зомбылықтың қоғамға, әсіресе отбасы мүшелеріне тигізетін кері әсерін түсіндіру;
• Отбасындағы өзара құрмет пен сүйіспеншілікті дәріптейтін көркем және ғылыми әдебиеттерді таныстыру;
• Қоғамда бейбіт, татулығы жарасқан, зорлық-зомбылықсыз отбасылардың қалыптасуына үлес қосу.
 
“Отбасы -бақыт мекені” атты Республикалық апталықтың жоспарына сәйкес, А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің интернат тәрбиешісі Ү.Байғараева дөңгелек үстел ұйымдастырды.
«Отбасы – бақыт мекені» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің мақсаты:
• Отбасының қоғамдағы орны мен маңызын түсіндіру;
• Отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты нығайту;
• Жас ұрпаққа отбасы – сүйіспеншілік пен мейірім, бірлік пен татулық ордасы екенін ұғындыру;
Қатысушыларды өз отбасына құрметпен қарауға, жауапкершілік пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
• «Бақыттың кілті – отбасы» екенін дәлелдеп, ой-пікір алмасу алаңын құру.
 
 
Шу ауданы білім бөлімі оқушылар арасында Қазақстан халқы тілдер күніне орай "Тілі бірдің -тілегі бір" тақырыбында өзге ұлт өкілдері арасында мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды. Мәнерлеп оқу байқауы “ Балалар және жасөспірімдер орталығының” базасында өткізілді.
Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілді дәріптеу, өзге ұлт оқушыларының қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, ұлттық рухани құндылықтарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Біздің, яғни А.С.Макаренко атындағы орта мектебінен 10”Б” сынып оқушысы Александрова Ангелина қатысып БАС ЖҮЛДЕні иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Жиреншиева А.
 
Возможно, это изображение 7 человек, люди учатся и текст
Возможно, это изображение текст
А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде Қазақстан халқының тілдер күніне орай бекітілген жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 4-14 қыркүйек аралығында 1-11 сынып жетекшілері, сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағат "А.Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің атасы", "Латын әліпбиінің негізін қалаушы", "Тілге құрмет-елге құрмет", "Тілім менің тірегім" тақырыптарында өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты: оқушыларға мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлі мен маңызын түсіндіру, ана тіліне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
 
Возможно, это изображение 22 человека, люди учатся, детская игрушка и текст
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ