Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ
МЕНЮ
А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде 2025 жылдың 9 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері, 5-8 сынып арасында, “ Тіл мәртебесі-ел мерейі” тақырыбында эссе жазу байқауын ұйымдастырды.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, ана тіліміздің қадір-қасиетін ұғындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ой еркіндігін шыңдау.
Қатысушылар өз ой-пікірлерін жүйелі жеткізіп, тіл мәртебесін көтеруге бағытталған шығармашылық жұмыстарын ұсынды.
А.С. Макаренко атындағы орта мектеп жанындағы интернатта *4–14 қыркүйек аралығында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында "Тіл мәртебесі – ел мерейі" тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.
А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде Тілдер мерекесіне орай «Тіл сарқылмас құндылық» тақырыпқа сай көрме ұйымдастырылды.
Көрмеге дәйек сөздер мен кітаптар қойылды. Мектеп оқушылары қатысып, тіл туралы тақпақтарымен бөлісті. Әр жыл сайын 5 қыркүйек елімізде Қазақстан халқының тілдер күні ретінде аталып өтеді. Бұл мереке мемлекеттік тіліміз қазақ тілінің мәртебесін арттыруға, сондай-ақ елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің ана тілін сақтауына, дамуына зор үлес қосады.


Бүгін мектебімізде 6,7,8 сынып оқушылары арасында спорттық эстафета ұйымдастырылды.
Жарыс барысында балалар шапшаңдықтарын, ептіліктерін көрсетіп, арқан тартысып, белсенділік танытты.
Бұл шара оқушыларды салауатты өмір салтына баулып, достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталды.
Жеңімпаздар марапатталып, барлық қатысушылар көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ






