Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ
МЕНЮ
А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің “Дебат” үйірмесіне қатысушылары 9”А” сынып оқушылары Жолдыбай Е., Сармурзаев А., Еркебай Н. “Әділетті, таза және қауіпсіз Қазақстан” аудандық пікірсайыс турниріне қатысып 3 орынға ие болды. Үйірме жетекшісі Сутенова Ү.
Мақсаты:
Оқушылардың шешендік өнерін, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін әрі дәлелді жеткізе білуге үйрету, жастарды әділетті, таза және қауіпсіз Қазақстанды құруға атсалысатын белсенді азамат болуға тәрбиелеу.





А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, ой-өрісін дамыту, зияткерлік қабілеттерін жетілдіру мақсатында «Өнегелі 15 минут» қоңырауында шахмат,асық және тоғызқұмалақ ойындары ұйымдастырылды.
Бұл іс-шара барысында оқушылар ұлттық және зияткерлік ойындарға белсене қатысып, өзара бәсекеге түсіп, ойлау қабілеттерін, есте сақтау дағдыларын шыңдады. Сонымен қатар, оқушылар арасында достық қарым-қатынас орнап, бос уақытты тиімді өткізу мәдениеті қалыптасты.



А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің “Қыз Жібек” қыздар клубының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес , 7-11 сынып қыздарымен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омарова А. репродуктивті денсаулық бойынша жиналыс өткізді.
Мақсаты:
Қыз балаларға ерте жүктіліктің салдары туралы түсінік беру, салауатты өмір салтын насихаттау, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, жеке бас қауіпсіздігін сақтау дағдыларын қалыптастыру, дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін дамыту арқылы ерте жүктіліктің алдын алу.
Мектеп медбикесі Арипова Г. Қыздар гигиенасы бойынша да түсіндірме жұмысын жүргізді. Мектеп психологы Ж.Ченсызбаева қыздар арасында өзімізді жақынырақ тану, бір-бірімізді қолдау, ішкі күшімізді сезіну үшін қыздармен пікір алмасты.



А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде «МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ: АДАЛ ӘРІ ЖАУАПТЫ АЗАМАТТЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ»тақырыбындағы
МЕКТЕП АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІНІҢ кезектен тыс І-ші отырысы өтті.
Күн тәртібі:
1. Мектеп пен ата-аналар комитетінің ынтымақтастығын арттырудың жолдары туралы.
2. Мектеп ата-аналар комитетінің қызметін үйлестірудің ерекшеліктері туралы.
4.Мектеп ата-аналар комитетінің төрағасы мен алқасын сайлау туралы.
5.Оқушылардың бір мезгіл тегін және жеңілдетілген ыстық тамақты ұйымдастыру туралы әлеуметтік педагог Н.Жадрасинова айтып өтті.
Ең алдымен мектеп директоры А.Тунгатаров күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша сөз алып, ата-аналардың пікірімен алмасты.
Күн тәртібіндегі «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын бірлесіп іске асыратын жағымды орта қалыптастыру бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Омарова сөз алды. Құрметті ата-аналар комитеті!
Бүгін сіздерге таныстырылатын "Адал азамат" Біртұтас тәрбие бағдарламасы – баланы адал, әділ, отансүйгіш әрі жауапты тұлға етіп тәрбиелеуге бағытталған республикалық бағдарлама.
Бағдарламаның мақсаты:
– Оқушылардың бойына адамгершілік құндылықтарды дарыту;
– Жауапкершілік, тәртіп, еңбекқорлық, патриотизмге тәрбиелеу;
– Мектеп, отбасы және қоғам арасындағы тәрбиелік серіктестікті күшейту.
Бағдарламаның негізгі бағыттары:
1. Адалдық пен әділдікке тәрбиелеу
2. Еңбекке баулу
3. Отбасылық құндылықтарды насихаттау
4. Қоғамға пайдалы іс-әрекеттерге баулу
5. Өзін-өзі дамыту мен жауапкершілікке үйрету
Ата-ананың рөлі:
– Баланың тәртібі мен тәрбиесіне белсенді араласу
– Мектеппен тығыз байланыста болу
– Үйде бағдарлама құндылықтарын жалғастыру
Бұл бағдарлама – Сіз бен біз болып, болашақтың адал азаматын тәрбиелеудің ортақ жолы.
Үшінші мәселе бойынша мектеп психологы И.Мамедгасанова ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп өтті. Күн тәртібіндегі төртінші мәселе ата-аналар комитетінің құрамын сайлау бойынша мектебіміздің ата-аналар комитетінің төрағасы Т.Абдуллаев сөз алып, ата-аналар комитетінің құрамын сайлады. Ата-аналар комитетінің жаңа құрамын барлық ата-аналар қолдап, өзара шешімге келді.

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ


