Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ
МЕНЮ
А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің Қарттарым- асыл қазынам” тақырыбында қарттар күніне арналып, бекітілген жоспарына сәйкес мектеп оқушыларының қарт кісілерімізді құттықтау челлендж.
Мақскты: Қарт адамдарға құрмет пен ізеттілікті білдіру;
• Үлкендерге алғыс айтып, оларға қуаныш пен көңіл-күй сыйлау;
• Жас ұрпақтың бойында мейірімділік, қамқорлық және адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру;
• Ұрпақтар арасындағы байланыс пен сабақтастықты нығайту;
А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде “Қарттарым-асыл қазынам!” тақырыбында бекітілген жоспарға сәйкес, мектеп жанындағы интернат меңгерушісі Г.Адамжанова тәрбиешілерімен бірлесіп қарттармен кездесу іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында интернат тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетіп, қарт кісілерге ізгі тілектерін білдірді. Іс-шара соңында қонақтар оқушыларымызға батасын беріп, көтеріңкі көңіл күйде қайтты.
• Ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, ата-бабамыздың өнегелі өмір жолын үлгі ету;
• Қарттардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңестерін тыңдау арқылы жас буынға тәлім-тәрбие беру;
• Қоғамдағы қарт адамдардың рөлін арттыру, оларды қолдау мен қамқорлыққа алу сезімін тәрбиелеу;
• Ұлттық салт-дәстүрлерді, отбасы құндылықтарын дәріптеу.

Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінің “Еңбегі адал жас өрен!”жобасы аясында “Қарттарға құрмет-ұлтқа міндет!”тақырыбында жоба жетекшісі К.Курамаева 8-10 сынып оқушыларымен іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында ардагер ұстаз Т.С.Алатаевамен арнайы кездесу ұйымдастырылды.Оқушылар ардагер ұстаздың үйіне барып,ауласын тазалау жұмыстарына атсалысты.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп,қатысушыларға үлкен тәрбие мен рухани әсер қалдырды.
Мақсаты: Жас ұрпақты үлкендерді сыйлауға,қадірлеуге,құрметтеуге,ізгілік пен жанашырлыққа баулу.Еңбекқорлыққа тәрбиелеу.






2025 жылдың 29 қыркүйегінде А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің кәсіптік бағдар беру педагогы К.Курамаеваның ұйымдастырумен “Мамандықтар әлемінде” тақырыбында 1-сынып оқушысылары үшін мектеп ішілік экскурсия өткізілді.
Экскурсия аясында оқушылар мектеп ішіндегі бірқатар мамандық иелерінің жұмысымен танысты.
Іс-шара барысында оқушылардың мамандық туралы түсінігі кеңейіп,әр бала өзінің болашақта кім болғысы келетінін ой елегінен өткізіп,өз қызығушылығын таныта білді.
Мақсаты:Оқушыларды түрлі мамандық түрлерімен таныстыру,болашақ мамандығына деген қызығушылықтарын ояту,қоғамда еңбек ететін адамдардың еңбегін бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.








© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ


