Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ
А. С. Макаренко атындағы орта мектебінің президентін ұлықтау рәсімі
Өткізу күні: 10 қазан 2025 жыл
Өткізу орны: спорт залы
Ұйымдастырушылар: Тәрбие орталығы, өзін-өзі басқару ұйымы, аға тәлімгер Танекей Қарақат
Мақсаты:
Оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін нығайту, жаңадан сайланған мектеп президентін ресми түрде таныстырып, оның міндеттерін айқындау, оқушылар арасында патриоттық рух пен жауапкершілік сезімін арттыру.
Мазмұны мен барысы:
Мектеп президентін ұлықтау рәсімі салтанатты түрде өтті. Шара барысында:
• Мемлекеттік Әнұран орындалды;
• Мектеп директоры мен ұстаздар құттықтау сөз сөйледі;
• Жаңадан сайланған президент ант қабылдап, өз міндетіне ресми кірісті;
• Президент өз бағдарламасын қысқаша таныстырды;
Нәтижесі:
Мектеп оқушылары жаңа президентпен танысты, ұжым арасында ұйымшылдық пен қолдау атмосферасы қалыптасты. Өзін-өзі басқару ұйымының жұмысына оң серпін берілді.
 
Возможно, это изображение один или несколько человек и текст
Возможно, это изображение один или несколько человек, помост и текст "Mekmen"
Возможно, это изображение цветок, помост и свадьба
Возможно, это изображение помост
Возможно, это изображение помост и текст "Al Mekmen"
 
2025 жылдың 10 қазан күні тәрбие орталығының жоспары бойынша "Күз келбеті" тақырыбында 2-7 сынып оқушылары арасында икебана ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары икебанаға белсене қатысып, үйде ата-аналарымен бірлесе отырып жасаған жұмыстарын қорғап шықты.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, табиғатты аялауға баулу, эстетикалық талғамын қалыптастыру және табиғи материалдарды көркемдік тұрғыдан қолдана білуге үйрету.
Байқау барысында оқушылар күз мезгілінің әсемдігін, табиғат сұлулығын өз қолдарымен жасаған икебана композициялары арқылы көрсетті. Әр сынып өз шығармашылық идеяларын ерекше безендіру мен үйлесімділік арқылы танытып, көркемдік талғамдарын жоғары деңгейде көрсете білді.
Шара барысында «Күздің бояуы», «Күз сұлулығы», «Шығармашылық шебер», «Күз шебері» сынды номинациялар бойынша үздік жұмыстар анықталып, өте керемет жасалған жұмыстар "Бас жүлде" І, ІІ, ІІІ орынмен белсенді қатысқан оқушылар марапатталады.
Іс-шара оқушылардың табиғатқа сүйіспеншілігін арттыруға, ұқыптылыққа, әсемдік пен үйлесімділікті сезіне білуге тәрбиелеуге бағытталды. «Күзгі икебана» байқауы мектептің эстетикалық және тәрбиелік бағыттағы іс-шараларының бір бөлігі ретінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
 
Возможно, это изображение детская игрушка и текст
Возможно, это изображение фрукт, детская игрушка и текст
Возможно, это изображение текст
Возможно, это изображение текст
Возможно, это изображение один или несколько человек и больница
Нет описания фото.
Возможно, это изображение ребенок, учеба и текст
Возможно, это изображение один или несколько человек и дерево
 
2025 жылдың қазан айында 3–9 сынып оқушылары арасында «Алтын күз әсем көрінісімен» атты сурет байқауы ұйымдастырылды.Сурет салуда “Бейнелеу” үйірме жетекшісі Кадырова Асел Бегасылқызы оқушыларға жетекшілік жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, табиғаттың әсемдігін көркем бейнелеу арқылы эстетикалық талғамын арттыру және күз мезгілінің сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу.Байқау барысында оқушылар күз табиғатының ерекше көріністерін өз суреттері арқылы бейнелеп, түрлі бояу түрлерін үйлесімді пайдалана білді. Әрбір қатысушы өз туындысында табиғаттың нәзіктігін, үйлесімін және көңіл күйін шығармашылық тұрғыда көрсете білді.
Іс-шара оқушылардың өнерге қызығушылығын арттыруға, бейнелеу өнері арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға бағытталды. «Алтын күз әсем көрінісімен» сурет байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен сынып жетекшілеріне алғыс білдірілді.
 
Возможно, это иллюстрация (учеба и текст)
Возможно, это иллюстрация (учеба и рондель)
Возможно, это изображение дерево и текст
Возможно, это изображение учеба, детская игрушка и текст
Возможно, это художественное изображение (текст)
Возможно, это изображение дерево и текст "Жblлbl жblлblTycTep mycmep t cTep የየርሳ"
Возможно, это художественное изображение (дерево и текст)
 
А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде "Күз сыйы " тақырыбында ұйымдастырылған жәрмеңкенің анықтамасы
2025 жылдың 10 қазан күні 8–10 сынып оқушылары арасында «Күз сыйы» тақырыбында жәрмеңке ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу және кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру болды.
Жәрмеңке барысында әр сынып оқушылары өз қолдарымен дайындалған тағам түрлерін және табиғи өнімдерді ұсынды. Сыныптар өз орындарын алып келген тағамдарымен толтырып, көңілді атмосфера қалыптастырды.
Шара барысында оқушылар сатып алу, сату, баға белгілеу сияқты қарапайым сауда мәдениеті элементтерімен танысып, қарым-қатынас мәдениетін арттырды. Іс-шара оқушылардың шығармашылық белсенділігін, ұйымшылдығын және еңбекке деген қызығушылығын арттыруға бағытталып, тәрбиелік мәні зор болды
 
 
Нет описания фото.
Нет описания фото.
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ