Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ
МЕНЮ
А.С. Макаренко атындағы мектепте 17.10.2025 ж 9-11 сынып ата-аналарына «Мамандық таңдауда ата-ананың рөлі мен қолдауы» тақырыбында Ускембаева Зауре сабақ өткізді.
Жиналыстың негізгі мақсаты – оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауда ата-аналардың қолдауын арттыру, кәсіби бағдар беру жұмыстарын үйлестіру болды.
Жиналыс барысында мектеп психологтары – Ченсызбаева Ж. және Кантарбаева Ж. ата-аналармен тренинг өткізіп, баланың қызығушылықтары мен қабілеттерін ескере отырып мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндірді. Мектеп директорының құқықтық ісі жөніндегі орынбасары Р. Исмаилова бала құқықтары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары С. А. Ильясова ата-аналарға ҰБТ-ға қатысты маңызды мәліметтермен бөлісіп, дайындық кезеңіне қатысты ақпарат берді.
Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Ата-аналар белсенділік танытып, мамандық таңдау мәселесіне жауапкершілікпен қараудың маңызын түсінді.




17.10.25ж А.С. Макаренко атындағы “Таза Қазақстан” акциясы барысында бірлесе еңбек еткен мұғалімдер мен оқушылар мектеп аула тазалығына үлес қосып, экологиялық мәдениеттерін дамытуға өз септігін тигізді.
Сенбіліктің мақсаты — мектеп ауласын және оның маңайын тазарту, абаттандыру, көркейту, сонымен қатар оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұжымдық жауапкершілікке және табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Нәтижесінде мектеп аумағы таза әрі көрікті күйге еніп, сенбілік өз мақсатына толық жетті.


А.С. Макаренко атындаты орта мектебінде 16.10.25ж ата-аналардың қолдау орталығының жоспарына сәйкес 5-8 сынып ата-аналарымен “Баланың қызығушылығын дамытудағы ата-ананың рөлі” атты тақырыбында сынып жетекшісі Г. Раканова сабақ өткізді.
Жиналыстың барысында мектеп психологтары Ченсызбаева Ж. мен Кантарбаева Ж. ата-аналарға тренинг жүргізді. Әсіресе, баланың қызығушылығын дамыту – оның тұлғалық қалыптасуына, шығармашылық ойлауына, өз-өзіне сенімді болуына үлкен әсер етеді. Қызығушылық – баланың белгілі бір іс-әрекетке, салаға немесе тақырыпқа ынтасының оянуы маңыздылығын түсіндіру болды. Бұл ынтаның дамуына бірінші кезекте ата-ананың қолдауы, бағыт-бағдары және үлгісі әсер етеді.
Мақсаты:
• Ата-аналарға баланың қызығушылығын қалыптастыру мен дамыту жолдарын түсіндіру;
• Отбасы мен мектептің бірлескен іс-әрекетінің маңызын көрсету;
• Ата-аналардың тәрбиелік мәдениетін арттыру және тәжербие алмасуға жағдай жасау;
Іс-шараның басты мақсаты- ата-аналар баланың ерте жастан бастап бейімділігін байқау, оны дұрыс бағыттау арқылы оның қабілетін аша алады. Қызығушылықты дамыту үшін ата-ана баланың сұрақтарына жауап беріп, жаңа ақпараттармен таныстырып, түрлі үйірмелер мен секцияларға қатысуына мүмкіндік жасауы тиіс. Сонымен қатар, отбасындағы жылы қарым-қатынас пен сенімділікте баланың еркін дамуына жағдай жасайды.
Жиналыс соныңда мектеп кітапханашы Б.Исатаева бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі аса маңызды жөнінде айта кетті.
Ата-аналар жиналыстан кейін жақсы әсермен қайтты.



© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ






