Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ
МЕНЮ
А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде оқушылардың техникалық шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Робототехника» үйірмесі жұмыс істейді. Үйірме жетекшісі Абдраимова Д.. Үйірме барысында оқушылар заманауи технологиялармен танысып, түрлі роботтар мен механизмдердің құрылысын меңгереді, бағдарламалау негіздерін үйренеді.
Үйірменің негізгі мақсаты – оқушылардың инженерлік ойлау қабілетін арттыру, ақпараттық технология саласына қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық және логикалық қабілеттерін дамыту.
Сабақтар барысында оқушылар топпен жұмыс істеуді, өз идеяларын жүзеге асыруды және жобалық тапсырмаларды орындауды үйренеді.




А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу және зияткерлік пен спорттық қабілеттерін дамыту мақсатында үйірме жетекшісі Дарбек Дамир «Тоғызқұмалақ» және Харсанов Ерлан «Волейбол» үйірмелерін жүргізеді.
«Тоғызқұмалақ» үйірмесінің мақсаты – оқушыларды ұлттық зияткерлік ойын арқылы логикалық ойлау қабілетін, сабырлылық пен шапшаң шешім қабылдау дағдыларын дамытуға баулу, қазақ халқының мәдени мұрасын насихаттау.
«Волейбол» үйірмесінің мақсаты – оқушылардың дене шынықтыру белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, ұжыммен жұмыс істеу және командалық рухты қалыптастыру.
Үйірме сабақтары жоспар бойынша өткізіліп, оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі жарыстар мен сайыстар ұйымдастырылуда.








Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінің кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес”Мен ұстазымды мақтан етемін!”тақырыбында мұғалімдер күніне орай оқушылар өз қолдарынан ашық хаттар жасап, ұстаздарына табыстады.Ашық хатта ұстаздарына деген ыстық ықласы мен алғыстарын білдірді.
Іс-шара барысында оқушылар ерекше ашық хаттар дайындап,ұстаздарына арнау сөздер мен тілектерін жазды,бұл жұмыстар балалардың ұстаздарына деген сүйіспеншілігі мен ризашылығын көрсетті.
Мақсаты: Оқушыларды ұстаздың еңбегін құрметтеуге,шығармашылық қабілеттерін дамытуға,өз ойларын көркем түрде жеткізе білуге баулу.







"Таза Қазақстан"атты акциясы аясында сенбілік өтті.
Мақсаты: оқушыларлы еңбекке баулып,табиғатты таза ұстауға үйрету.


© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ


