Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ
МЕНЮ
А. С. Макаренко атындағы орта мектеп жанындағы интернат тәрбиешісі Ү. Байғараева «Даналық мектеп» жобасы аясында "Ата кәсіп-берекенің бастауы" тақырыбында, интернат тәрбиеленушілерімен аталар арасында кездесу ұйымдастырды. Қонақтарымыз өз тәжірибелерімен бөлісіп, ата кәсіптің қоғамдағы маңызы жайында әңгімеледі. Оқушыларымыздың қойған сауалдарына жауап беріп, ұлттық құндылықтарымыздың мәнін терең түсіндіріп өтті. Іс-шараның мақсаты-ұлттық мұраны сақтап, ата-кәсіп түрлерін жас ұрпаққа насихаттау.
Сонымен қатар «Жас ұлан» ұйымының жетекшісі аға тәлімгер Қ.Танекей ұйымдастырумен «Жас ұлан»балалар мен жас өспірімдер ұйымының мүшелері қарт кісілерге сыйлық табыстады және жылы лебіздерің білдіріп, көңілдерін көтеруге ат салысты.

А.С. Макаренко атындағы мектебінде “Адал ұрпақ” клуб мүшелерімен бірге “Жемқорлықсыз әлем” тақырыбында шығармашылық сурет байқауы өткізілді. Адал ұрпақ клубының жүргізушісі Тұрғынбай Аида жемқорлық жайлы түсіндірме жүргізді.
Мақсаты – жас ұрпақтың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты қасиеттерді қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту болды.
Соңында “Жемқорлықсыз болашақ – біздің таңдауымыз!” атты ұранмен оқушылар адалдық пен әділдікке шақыратын плакаттар жасап, көрме ұйымдастырды.
Шара жоғары деңгейде өтіп, оқушыларға үлкен тәрбиелік мән берді.

А. С. Макаренко атындағы орта мектепте 5–11 сыныптар арасында
«Менің Отаным – Қазақстан!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру, ел бірлігін, ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың елжандылық қасиеттерін дамытуға зор ықпал етті.

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ