Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ
МЕНЮ
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің өз құқықтары мен міндеттері жөніндегі білім деңгейін анықтау, азаматтық белсенділікті арттыру, құқықтық мәдениет пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Сауалнамаға 7–10 сынып аралығындағы оқушылар қатысып, өз ойларын ашық әрі еркін түрде білдірді. Оқушылардан келесі бағыттар бойынша жауаптар алынды:
- Қазақстан Республикасы Конституциясындағы бала құқықтары туралы білімі;
- Құқық бұзушылық пен оның салдары туралы түсінігі;
- Өз құқықтары бұзылған жағдайда кімге жүгіну керектігі жөніндегі сауаттылығы;
- Мектептегі құқықтық тәрбие жұмыстарының әсері туралы пікірі.Сауалнама нәтижесінде оқушылардың басым көпшілігі өз құқықтары туралы жақсы білетінін көрсетті. Олар білім алу, еркін ой айту, жеке өмірге қол сұқпаушылық, демалыс және қауіпсіздік құқықтарын атай алды. Сонымен қатар, кейбір оқушылар құқықтық көмекті қайдан және қалай алуға болатынын нақты айтып өтті.Жылдық жұмыс жоспарға сәйкес , оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында алдағы уақытта да түрлі тренингтер мен ақпараттық сабақтар,түсіндірме жұмыстары уәкілетті мамандарды шақыру арқылы ұйымдастырылды.
Сауалнама оқушылардың құқықтық білім деңгейін айқындауға мүмкіндік берді және бұл бағыттағы жұмыстың әрі қарай жалғасуы маңызды екенін көрсетті.
Шу ауданының білім бөліміне қарасты А.С.Макаренко орта мектебінде «Буллингтен қорған» алдын алу шарасы, «ДОСБОЛLIKE» бағдарламасы негізінде А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің оқушыларына -«Қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру» мақсатында «STOP BULLYING» , 109 психологиялық қолдау көрсету орталығы, Балаларды мектепте 24/7 режиміндегі "Balaqorgau" дербес QR-кодын орналастыру арқылы құқықтарының бұзылу фактілері бойынша анонимді түрде БҒМ БҚҚК-ге жаңа форматта жүгіну мүмкіндігі туралы хабардар ету ақпаратын мектеп психологі мен директордың құқытық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары оқушыларға мектепте «ДосболLIKE Макаренко» атты көмек көрсету желісі бар екенін және басқа да ақпарат парақшаларының маңыздылығын түсіндіріп, 25 оқу кабинеті мен оқушыларға қол жетімді жерлерге , қыздар, ұлдар бөлмесіне ,мектептің әжетханаларына, асханаға, интернаттың жатын бөлмелеріне орналастырылды.
Орындаған:
Ж.Ченсызбаева
Ж.Кантарбаева





“Зейін мен шоғырлану толқынында” тақырыбында тренинг жүргізіп, тренинг соңында барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
*
Жарыс нәтижесі:*


А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде "Адал азамат" жобасының шеңберінде оқушылардың адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын насихаттау мақсатында мектепте арнайы көрме ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттыру, еліміздің жетістіктері мен тарихын таныту.
«Өнер мектебі”
Назымхан Жұлдыз Асқарқызы.
Киімді үлгілеу және құрастыру бойынша: Устимирова Айдана Нұрғазықызы атсалысты.
Көрмеде келесі бөлімдер қамтылды:
• Тарихи бұрыш – Қазақстан Республикасының қалыптасу кезеңдері, Тұңғыш Президенттің еңбектері, егемендікке жету жолы туралы материалдар.
• Мәдени мұра – ұлттық киімдер, қолөнер бұйымдары, тарихи жәдігерлер мен фотосуреттер.
• Тәуелсіздік жетістіктері – ғылым, білім, спорт және мәдениет салаларындағы жетістіктерге арналған ақпараттық бұрыштар.
• Оқушылар шығармашылығы – Республика күніне арналған суреттер, эссе және қолөнер туындылары.
Көрмеге мектеп әкімшілігі, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар белсене қатысты. Шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының рәміздері туралы білімдерін ортаға салып, елімізге деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
Бұл көрме оқушыларға еліміздің өткені мен бүгініне құрметпен қарауға, болашағына сеніммен қарауға мүмкіндік берді.


© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ


