Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ
МЕНЮ
А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде
1–4 сыныптар арасында «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік кеш жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып, өз шымылдығын ашты.
Іс-шара барысында мектеп директоры А.А.Тунгатаров оқушыларға жылы лебізін білдіріп, жаңа жылдарымен құттықтады. Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, ән мен биге, қызықты ертегілер, көріністерге толы мерекелік бағдарлама ұсынды.

А.С. Макаренко атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен ҚР Тәуелсіздік күніне орай Шу қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды .
Мақсаты оқушыларға Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жолындағы тарихи кезеңдерді түсіндіру, елін, жерін сүюге баулу, отансүйгіштікке тәрбиелеу, сондай-ақ ерлік пен бірлікке деген құрмет сезімін арттыру.
Тәуелсіздік күніне орай Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектепте 5-11 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Мақсаты: Тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы тарихи оқиғалармен танысып, деректі бейнежазбалар мен слайдтар арқылы терең мағлұмат алды. Патриоттық өлеңдер оқылды.
Сынып жетекшілері тәрбие сағатын мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде ұйымдастырды.
Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде «Тәуелсіздік – ең қымбат құндылығымыз» тақырыбында 1-4 сыныптар арасында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.
Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері жайлы мәліметтермен танысып, өлеңдер оқып, патриоттық әндер шырқады. Сынып жетекшілері тақырыпқа сай көрнекі материалдар мен бейнероликтер арқылы тәрбие сағатын мазмұнды өткізді.
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ



