Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ
МЕНЮ
Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі «Балалар кітапханасы» жоба аясында Шоқан Уалихановтың туғанына 190 жыл толуына орай тарихи шеру өткізілді.
Тақырыбы: “Қазақтың шоқ жұлдызы - Шоқан Уалиханов”
Мақсаты: Ұлы ғалым Шоқан Уалихановтың өмірі мен еңбегін насихаттау, оқушылардың тарихқа деген қызығушылығын арттыру, ұлттық тұлғаларды құрметтеу мәдениетін қалыптастыру. Кітапханашы Б. Исатаеваның ұйымдастыруымен Іс-шара барысында оқушылар қазақтың ұлы ғалымы, этнографы және саяхатшысы Шоқан Уалихановтың өмірі мен ғылыми мұрасы туралы жан-жақты мәлімет алды. Сонымен қатар, Шоқан Уалиханов туралы деректі фильм көрсетіліп, оқушылар тақырып бойынша ой бөлісті.
Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі “Балалар кітапханасы” жобасы аясындағы “Желтоқсан-ызғарлы жел соққан күн” тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларға еліміздің Тәуелсіздік жолындағы күресі мен тарихи кезеңдерін, жетістіктерін таныстыру; отансүйгіштік пен ұлттық рухты қалыптастыру.
Аталған тақырып аясында мектепте «Желтоқсан — ызғарлы жел соққан күн» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік тарихына, мемлекеттік рәміздерге, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясымен қатар, ел дамуы мен жетістіктерін баяндайтын әдебиеттер, деректі кітаптар мен танымдық басылымдар қойылды.
Сонымен қатар, Тәуелсіздік жылдарындағы маңызды оқиғалар мен тарихи тұлғалар туралы материалдар ұсынылды. Іс-шара оқушылардың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, жас ұрпақты Тәуелсіздікті қадірлеуге және оны қорғауға, нығайтуға тәрбиелеуге бағытталды.

Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде «Тәуелсіздік әр қазақтың жанында!» атты іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Жас ұрпаққа Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру, ел тарихына деген құрметті арттыру, оқушылардың рухани және танымдық білімін кеңейту.
Оқушылар көрмеге белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Іс-шара тәрбиелік мәні жоғары, танымдық бағытта өтті.

А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде 15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 34 жыл толуына орай «Тәуелсіздік – ел тірегі» атты салтанатты жиын өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға Тәуелсіздік ұғымының маңызын түсіндіру, ел тарихына деген құрметті қалыптастыру, патриоттық сезім мен отансүйгіштікке тәрбиелеу.
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ





