Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ
МЕНЮ
А.С. Макаренко атындағы мектепте 23.10.25ж «Заң мен тәртіп – Алаш арыстарының негізгі идеясы» тақырыбында З.Ускенбаева интеллектуалды ойын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Алаш қозғалысының тарихи маңызын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және елжандылық сезімін дамыту болды.
А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде “25 қазан – Республика күніне орай” 22.10.25 ж «Егемен ел тарихы: деректер мен зерттеулер»
тақырыбында “Жас мамандар” арасында пікірсайыс ойыны ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – егемен еліміздің тарихын зерделеу,
мұғалімдердің зерттеушілік қабілетін арттыру және
Пікір сайыс жас мамандар арасында өтті. Осы пікір сайысқа әділ төрелік еткен төрешілер: К.Тілеубердиева, А.Андаспаева, Қ.Үрпебаева өздерінің жоғары жауапкершілігімен әділдігін көрсетті.

Мақсаты: Объективті, бірақ позитив психологиялық көзқарас — бұл шындықты бұрмаламай, бірақ әр жағдайдан оң мағынаны, даму мүмкіндігін көруге тырысу
А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде
2025 жылдың 23 қазан күні Шу аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау капитандары, инженерлік және бөлімнің медицина қызметкерлері мектеп оқушыларымен мектептің ауласында кездесу өткізді.
Кездесу барысында мамандар оқушыларға өрттің алдын алу ережелері, төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету тәртібі және өрт сөндіру құралдарын қолдану тәсілдері туралы жан-жақты ақпарат берді. Бұл мәліметтер тәжірибе жүзінде көрсетілді. Практикалық сабақ барысында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы түсіндіріліп, арнайы құрылғыларды дұрыс пайдалану жолдары көрсетілді.
Практикалық бөлімнен кейін Шу аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Пермебаев Марлен Берікбайұлы «Түрлі төтенше жағдайлар кезіндегі оқушылардың іс-қимылдары» тақырыбында дәріс оқыды. Ол оқушыларға қауіпсіздік ережелері мен төтенше жағдай кезіндегі әрекет алгоритмін түсіндірді.
Іс-шараның мақсаты:
– Оқушыларды өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру;
– Қауіпті жағдайлардан сақтануға баулу; – Өрт сөндіру құрал-жабдықтарының жұмыс тәртібімен таныстыру.
Кездесу соңында оқушыларға қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар таратылып, төтенше жағдай туындаған кезде «101» өртке қарсы қызметіне немесе «112» жедел құтқару қызметіне қоңырау шалу керектігі ескертілді. #Актуальные #Шу_төтенше_жағдай_бөлімі #Шу_ауданы_білім_бөлімі #ҚАУІПСІЗ_ОРТА_ҚАЛЫПТАСТЫРУ


© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ




