Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ
МЕНЮ
1. Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау;
2. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруінің алдын алу;
3. Темекі шегу, ішімдік ішу, электронды темекі, вейп қолдану, құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу;
4. Көңіл көтеретін орындар , компьютерлік клубтарда және өзге де қоғамдық орындарда оқушылардың болуын анықтау.
Жасөспірім,есіңізде болсын, Сіздің амандығыңыз БІЗ үшін маңызды!
ЕСКЕРТПЕ!!! ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабына сәйкес кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылық анықталған жағдайда ,олардың ата-анасына немесе заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік жауапкершілік көзделетіндігі ескертіледі. #Рейд #Актуальные #Шу_ауданы_білім_бөлімі #Түнгі_рейд









А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде “25 қазан-Республика күніне” орай
«Республика – ел тәуелсіздігінің тұғыры» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихы мен Тәуелсіздік мәнін түсіндіру, азаматтық-патриоттық тәрбие беру негізгі мақсаты болды.
Іс-шара барысында оқушыларға Республика күніне арналған тарихи деректер ұсынылып, өлеңдер оқылып, патриоттық әндер шырқалды. Тақырыптық көрме ұйымдастырылып, сынып сағаттары мен пікірталастар өтті. Мектеп директоры А.А.Тунгатаров оқушыларға ұлттық сана-сезімін нығайтуға, ел болашағына жауапкершілікпен қарауға,тәрбиелеуге бағытталған жылы лебізін жеткізді.
А.С. Макаренко атындағы мектепте «25 қазан – Республика күніне орай» ата-аналардың қатысуымен челлендж өтті.
Мақсаты – ата-аналар мен оқушыларды ұлттық мерекеміз – Республика күнін бірге атап өтуге тарту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және елге деген сүйіспеншілікті арттыру болды.
Ата-ана комитетінің төрағасы: Абдуллаев Таджир Максим оглы белсенділік танытты. Челлендж оқушылардың отансүйгіштік сезімін оятып, ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтты.
А.С. Макаренко атындағы мектебінде “25 қазан- Республика күніне” орай
“Жас қыран” және “Жас ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдауды аға тәлімгер Қ. Тәнекей ұйымдастырумен өткізілді.
Мақсаты отан сүйетін, ел жанды ,білімді, өнерлі рухы биік жас ұрпақты тәрбиелеу.
Балалар мен жасөспірімдердің көшбасшылық қабілетін дамыту.

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ


