Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ
А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде қысқы демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Жас Ұлан» ұйымының «Отбасылық Жаңа жылмен құттықтау» атты видеоролик жобасы жүзеге асырылды.
Мақсаты – оқушылардың отбасылық байланысын нығайту, мерекелік көңіл күй сыйлау, отбасылық құндылықтарды насихаттау, ұйым мүшелерінің белсенділігін арттыру.
Іс-шара аясында оқушылар өз отбасы мүшелерімен бірігіп Жаңа жылмен құттықтаған жылы лебізді видеороликтерін жіберді. Жоба оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және отбасылық бірлікті нығайтуға бағытталды.
 
А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде қысқы демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Біз жаңа жылды отбасымызбен дәстүрлейміз» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Мақсаты – оқушылардың отбасылық құндылықтарға деген көзқарасын қалыптастыру, ұлттық дәстүрлерді дәріптеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Іс-шара барысында оқушылар отбасы мүшелерімен бірге жаңа жылды қарсы алу дәстүрлерін шығармашылық жұмыстар арқылы көрсетті.
 
А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде “Біз жаңа жылды отбасымызбен дәстүрлиміз” атты көрме 1-4 сыныптар арасында ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларға отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ұлттық және отбасылық дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрмеге оқушылардың жаңа жылды отбасымен қарсы алу дәстүрін бейнелейтін суреттері, қолөнер бұйымдары және шығармашылық жұмыстары қойылды.
 
А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде 5–7 сыныптар арасында «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік кеш ұйымдастырылып, өз жалғасын тапты.
Кеш барысында “Мектеп парламенті, Жас Ұлан және Адал ұрпақ” оқушылары қатысып ән айтып, би билеп, көріністер қойып, түрлі сайыстар мен ойындарға белсене қатысты.
Мерекелік кеш көңілді өтті, оқушылар мен көрермендерге шаттық пен ерекше әсер сыйлады.
 
Возможно, это изображение дерево
 
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ