Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ
А.С. Макаренко атындағы мектептебінде 15 қараша - Ұлттық валюта теңге күніне орай «Ұлттық валюта – ел тәуелсіздігінің нышаны» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға теңгенің шығу тарихы, алғашқы үлгілері, ұлттық валюта дизайнерлері мен экономикалық маңызы жөнінде ақпарат берілді.
Оқушылар бейнепрезентация көріп, “Теңге – тәуелсіздіктің тірегі” атты тақырыпта пікірталас жүргізді.
Белсенді оқушылар теңге туралы өлеңдер оқып, викториналық сұрақтарға жауап берді.
 
Возможно, это изображение учеба и текст "KлaccHblй 4ac 5 HoR6pR HauиoHaлbl BaлюTbl τε M,TeYgeMiabe TEHR"
 
Возможно, это изображение учеба и текст
 
 
А.С. Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектепте 3–4 және 5–8 сынып оқушылары арасында “Ұлан-байтақ республикам – бұл менің” атты эссе жазу байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және елдің тарихы мен табиғи байлығын терең тануға баулу.
Оқушылар өз шығармаларында Қазақстанның кең байтақ табиғаты, елдің жетістіктері мен болашағы туралы ойларымен бөлісіп, отансүйгіштік сезімдерін көркем тілмен жеткізе білді.
Нәтижесінде үздік деп танылған эсселер ерекше мазмұнымен, тіл байлығымен және шығармашылық көзқарасымен ерекшеленді. Жеңімпаз оқушылар мектеп әкімшілігінің алғыс хаттарымен марапатталды.
 
Возможно, это изображение учеба, детская игрушка и текст
 
Возможно, это изображение учеба и текст
Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі «Балалар кітапханасы» жоба аясындағы «Кітапханаға саяхат» тақырыбындағы іс шараның анықтамасы
Тақырыбы: Кітапханаға саяхат
Мақсаты: Оқушыларды кітапханамен,оның қызыметімен ережесін және кітаптармен таныстыруға бағытталған танымдылық іс шарасы. Саяхат барысында оқушылар кітапхананың бөлімдерімен кітаптарды сақтау,тізімдеу және оқырманға ұсыну тәртібімен таныстыру. Сондай ақ кітапты дұрыс таңдау,ұқыпты ұстау мәдениетімен кітапхананы пайдалану ережелері түсіндірілді. Мектепалды даярлық тобын мектеп кітапханасымен таныстырылды.Бұл іс шара оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, кітапханаға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады және оқу мәдениетін дамуға ықпал етеді.
 
А. С. Макаренко атындағы орта мектепте “Бір -кітап, бір -кейіпкер бір ой” тақырыбында іс шара өтті.
Мақсаты: Оқушылардың оқыған шығармасын терең түсініп, негізгі кейіпкердің мінезімен іс әрекеті арқылы шығармадағы басты ойды анықтауға бағытталған іс шара. Бұл үрдісте оқушы бір кітапты таңдап ,оның ішіндегі бір кейіпкерді талдайды, және сол кейіпкер арқылы автор жеткізген ойды ашып көрсетеді.
Іс шарада оқушыларды өз ойын жүйелі жеткізуге,талдау жасауға, кейіпкерді өмірімен байланыстыра білуге тәрбиелейді. Мектебіміздің 6-сынып оқушылары оқыған кітаптарына талдап, мазмұнын айтты.
 
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ