Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ
МЕНЮ
А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде “Қыздармен жұмыс” бағдарламасының жоспарына сәйкес, 2025 жылдың қазан айының 15-жұлдызында 7–11 сынып қыздар арасында «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында жиналыс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – қыз балалардың әдептілік, инабаттылық, сыпайылық, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүр мен рухани құндылықтарды дәріптеу, өз-өзін ұстау мәдениетін дамыту болды.
Жиналыс барысында жетекшілер мен педагогтар қыз баланың қоғамдағы, отбасындағы рөлі, сырт келбет пен мінез-құлықтағы мәдениет, әдеп нормалары туралы ой қозғап, өмірлік мысалдар келтірді. Қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, қыз балаға тән ұқыптылық пен тәрбиенің маңыздылығын талқылады.
Кездесу әсерлі өтті, оқушылар тәрбиелік мәні зор кеңестер алды.
Қорытынды: Жиналыс қыз оқушыларының ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, рухани және адамгершілік тұрғыда дамуына ықпал етті.
А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде 2025 жылдың қазан айының 15-жұлдызында ата -аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес 1-4 сынып ата-аналары арасында «Бала жетістігінің кілті – ата-ананың қолдауы» / «Ключ к успеху ребенка – поддержка родителей» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдері Қолдасьекова С. және Абилдаева И. сабақ өткізді.
Жиналыс педагогикалық қолдау орталығы бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Жиналыс барысында мектеп директоры А.А.Тунгатаров сөз алды. Мектеп директорының құқықтық ісі жөніндегі орынбасары Р.Исмаилова бала құқығы туралы түсіндірме жұмысын өткізді. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Омарова мектеп формасының сақталуы туралы сөз сөйледі. Мектеп медбикесі Г.Арипова “Тұмауға қарсы вакцина” туралы түсіндіріп өтті. Мектеп психологтары Ченсызбаева Ж. мен Кантарбаева Ж. ата-аналарға тренинг жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – ата-аналардың тәрбиелік әлеуетін арттыру, мектеп пен ата-ана арасындағы өзара серіктестік қарым-қатынасты нығайту, баланың жетістігіне ата-ананың қолдауының маңыздылығын түсіндіру болды.
Кездесу барысында педагогикалық қолдау орталығының мамандары ата-аналарға бала тәрбиесінде оң психологиялық орта қалыптастыру, ынталандыру, қолдау көрсету тәсілдері туралы кеңес берді. Сонымен қатар, ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, баланың оқудағы және мінез-құлықтағы жетістігін қалыптастырудағы өз рөлдерін талқылады.
Жиналыс жылы қарым-қатынаста, өзара пікір алмасу түрінде өтті.
Қорытынды: Іс-шара ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыруға және мектеп пен отбасы арасындағы серіктестік байланысын нығайтуға ықпал етті.








А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде 2–7 сыныптар арасында «Күз келбеті» тақырыбында икебана байқауына қатысқан оқушылар марапатталды. Байқау барысында Бас жүлде, І орын, ІІ орын, ІІІ орын беріліп, “Идея шебері”, “Күз бейнесі”, “Күз сәні”, “Креативті бейне” атты номинациялар берілді.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық талғамын арттыру және табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Шара барысында оқушылар өз қолдарымен күзгі жапырақтар мен гүлдерден әсем композициялар жасады. Қазылар алқасының шешімі бойынша ерекше көзге түскен оқушылар марапатталды.




«FinIQ» қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық диктантты ұйымдастыру және өткізу тұжырымдамасына бойынша мақсаты мен міндеттері:
Мақсаты: Қазақстан халқының қаржылық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кең ауқымды ағартушылық іс-шара өткізу.
Міндеттері:
- Барлық жастағы және әлеуметтік топтарды қамту;
- Негізгі ұғымдарды түсіндіру: қаржылық алаяқтық, цифрлық қауіпсіздік, инвестициялық тәуекелдер, дербес деректерді қорғау;
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ


