Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ
МЕНЮ
Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінің кәсіптік бағдар беру педагогының жылдық жоспарына сәйкес бастауыш сынып оқушыларына “Мамандықтар түрлері” тақырыбында мамандықтар туралы түсінік беріліп,ойын ойнатылды.
Ойын барысында әртүрлі мамандық атаулары көрсетіліп,оқушылар көрсетілген мамандықты мимика мен іс-әрекет арқылы көрсетуге тырысты.
Іс-шара барысында оқушылар түрлі мамандықтармен танысып,кәсіптік бағдарға алғашқы қадам жасады.
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына түрлі мамандықтар туралы түсінік беру,еңбекке қызығушылықтарын арттыру,шығармашылық қабілеттерін,сөйлеу мәдениетін,қиялын дамыту.






2025 жылдың 6 қазан күні ұстаздар күніне арналған “Ұстазға- ұлы тұлға” тақырыбында 1-11 сынып аралығында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатына сынып жетекшісі, оқушылар қатысты.Іс-шара барысында оқушылар ұстаз мамандығының қадір-қасиеті туралы өз ойларын ортаға салып, ұстаздарға арналған өлеңдер оқып, шағын көріністер қойды. Сондай-ақ, ұстаздарға деген алғыс пен сүйіспеншілік сезімін білдіретін бейнероликтер мен шығармалар ұсынылды. Оқушылар ұстаз еңбегінің қоғамдағы маңыздылығын түсініп, өз ұстаздарына жүрекжарды тілектерін жеткізді.
Сынып жетекшісі ұстаздардың еңбегін бағалауға, құрметтеуге және білім мен тәрбие жолындағы табандылыққа тәрбиелеу жөнінде мазмұнды әңгіме өткізді.
Мақсаты:
Оқушыларды ұстаз еңбегін қадірлеуге, ұстазға құрмет пен ризашылық сезімін арттыруға, ұстаз мамандығының қоғамдағы рөлін түсінуге тәрбиелеу, адамгершілік пен ізгілік құндылықтарын қалыптастыру.





Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде бастауыш сынып оқушылары “Мен өскенде кім болам?”тақырыбында сурет салды.
Іс-шараға 3-4 сынып оқушылары белсене қатысып,әрқайсысы өз арманындағы мамандықтарын бейнелейтін суреттер салып,шығармашылық сипатта таныстырды.
Балалар дәрігер,ұстаз,әскери полиция қызметкері,құрылысшы,аспазшы сынды түрлі маман иелерін бейнелеп,өз армандарымен бөлісті.
Іс-шара мектептегі кәсіби бағдар беру жұмысының бір бөлігі ретінде ұйымдастырылды.
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының болашақ мамандыққа деген қызығушылықтарын ояту,арман-тілектерін шығармашылық арқылы жеткізуге мүмкіндік жасау,тұлғалық дамуына қолдау көрсету.










2025 жылдың 3 қазан күні ұстаздар күніне орай “Дублёр күні” өткізілді. Іс-шараға 11 сынып оқушылары белсене қатысты. Бұл күні оқушылар өздерін ұстаздардың орнына қойып, сабақ өткізіп, мектептегі күнделікті педагогикалық жұмыстың жауапкершілігін сезінді. Дублер күнін оқушыларға кәсіптік бағдар беретін маман К.Курамаева жүргізді.
Дублёр күні барысында 11 сынып оқушылары бастауыш және орта буын сыныптарында сабақтар өткізіп, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен ұйымдастырушылық дағдыларын көрсетті. Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар оқушылардың сабақ беру барысын бақылап, оларға бағыт-бағдар берді.
Іс-шара соңында дублёр-мұғалімдер өз әсерлерімен бөлісіп, ұстаз еңбегінің қиын да жауапты екенін түсінгендерін айтты. Мектеп директоры мен ұстаздар тарапынан белсенді қатысушыларға алғыс айтылып, естелік сыйлықтар табысталды.
Мақсаты:
Оқушылардың ұстаз мамандығына деген қызығушылығын арттыру, мұғалім еңбегінің маңыздылығын ұғындыру, жауапкершілік пен көшбасшылық қасиеттерді дамыту, мектеп өміріне белсенді араласуға баулу.







© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ


