Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ
МЕНЮ
А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқушылардың ұлттық киімге деген құрметін арттыру және қазақи болмысты насихаттау мақсатында әр жұма сайын қазақи нақышта киіну күні ұйымдастырылып келеді.
Бұл күні мектеп ұжымы мен оқушылар ұлттық ою-өрнекпен безендірілген киімдер мен қазақы стильдегі үлгілерді киіп, ұлттық мәдениетті сақтау мен дамытуға өз үлестерін қосады.
Антон Семеновия Макаренко атындағы орта мектебінде аға тәлімгер Танекей Қарақаттың атсалысуымен мектеп президентіне үміткерлер 8-11 сынып аралығында қарастырылды. Сайлау барысында оқушылардың құштарлығы артып өздерінің таңдауымен дауыстарын берді. Комиссия мүшелері А.А.Тунгатаров, Ускембаева З., Исатаева Б., Баетова М., Талғатқызы М. болды.
Жалпы фракциялар:
1. Мектеп президенті
2. Құқық және тәртіп фракциясы
3. Мәдениет және өнер фракциясы(музыка, көркем шығармашылық)
5. Қамқорлық фракция(еріктілік)
6. Экология және еңбек
7. Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы(психология)
8. Ақпарат фракциясы
9. Дебат қозғалысының фракциясы
10. Бала өкілі
Мақсаты: оқушылардың бос уақытын шығармашылыққа, ізденімпаздылыққа, белсенділікке арттыру
Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектеп кітапханасында оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу,кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру мақсатында «20-минут кітап оқу» тақырыбында іс шара ұйымдастырылды. Іс шара барысында үзіліс кезінде оқушылар түрлі қызықты кітаптарды таңдап алып оқыды .Бұл іс шараның мақсаты балаларды кітаппен жақын дос болуға,оқу мәдениетін қалыптастыру,үзіліс уақытын тиімді пайдалану
А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің оқушылары мен ата-аналарының назарына!!!
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ





