Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ
МЕНЮ
А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде “Ұстазға алғыс” тақырыбындағы ұстаздар мерекесіне арналған жоспарға сәйкес, 3 қазан күні мерекелік іс-шара ұйымдастырылды! Іс-шараға мектеп түлектері мен тәрбие орталығы атсалысты. Мұғалімдер мектептен кіргеннен көңілдері көтеріліп, мерекелік сезім
Іс-шараның шарықтау шегінде мектеп директоры мен қонаққа шақырылған ардагер ұстаздар ізгі тілектерін білдіріп, ұстаздардың тынымсыз еңбегі мен шәкірт тәрбиелеудегі рөліне жоғары баға берілді. Ұстаздарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Кеш соңында барлығы бірге естелік суретке түсіп, жылы жүзді, қуанышты атмосфера орнады.
Мақсаты:
Оқушылардың ұстаз еңбегіне деген құрметін қалыптастыру, ұстаздарға алғыс сезімін ояту, олардың қоғамдағы мәртебелі орнын дәріптеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және мектеп ұжымында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.





А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің оқушылары “Ұстаздар” күніне арналған өздерінің құттықтау челлендждерін бір-бірінен қабыл алып, мектебіміздің ұлағатты ұстаздарына ізгі тілектерін білдірді!
Мақсаты: • Ұстаздардың қоғамдағы еңбегін бағалау, оларға құрмет көрсету;
• Оқушылар мен ата-аналар тарапынан алғыс пен ризашылық білдіру;
• Мұғалім мамандығының беделін арттыру, олардың мәртебесін көтеру;
• Ұжым ішінде жылы қарым-қатынас пен жақсы көңіл-күй қалыптастыру;
• Шығармашылықпен құттықтау арқылы ұстаздардың мерекелік көңіл-күйін көтеру.
А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің 11 “А” сынып оқушылары «Ұстаздар» күніне арналған құттықтау челленджын қабыл алып, келесі челлендж 9“ А” сыныбынажолданды!
А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің тәрбие орталығы “ Адал ұрпақ” клуб жетекшісі мен мүшелері бірлесіп, “Қарттарым-асыл қазынам” тақырыбында, қарт кісілерді мерекелерімен құттықтап қайтты. Үлкен кісілер оқушыларымызға батасын беріп, алғыстарын білдірді.
Мақсаты: Қарттарды құрметтеу, олардың қоғамдағы орны мен еңбегін бағалау;
• Үлкен буын өкілдеріне қамқорлық пен сүйіспеншілік көрсету;
• Оларға көңіл көтеру, мерекелік көңіл күй сыйлау;
• Ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, қарттар мен жастар арасындағы байланысты арттыру.
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ


