Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ
МЕНЮ
2025 жылдың 29 қыркүйек күні 1–11 сынып оқушыларына «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға қарт адамдарға құрмет көрсету, үлкендерді сыйлау, ата-бабамыздың өнегелі сөздері мен дәстүрлерін дәріптеу туралы түсініктер берілді. Сонымен қатар оқушылар қарттарға қамқорлық таныту, оларға ізетпен қарау, қоғамдағы орнын бағалау туралы пікір алмасты. Оқушылар үйлеріндегі ата-әжелеріне қандай құрмет көрсетіп, қандай көмек көрсететіндерін айттып талқылады. Мұғалімдер тақырып бойынша әртүрлі көрнекіліктер іліп, оқушыларға қарт кісілерді құрметтеу керектігін айтып түсіндірді.
Мақсаты:
Оқушылардың бойында үлкенге құрмет, кішіге ізет сезімдерін қалыптастыру, қарттарды қадірлеуге, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелеу.




Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебінде 1 қазан Қарттар күнінен орай"Туыстық қарым-қатынас -баға жетпес байлық"тақырбында қарт аталармен кездесу ұйымдастырылды.Интернат тәрбиеленушілері қарт аталарға ән, билерімен бірге жылы лебіздерін тарту етті.
Мақсаты:Оқушыларға туыстық қарым-қатынастың мәнін түсіндіру;
Үлкенді сыйлау, аталарды құрметтеу.




А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде педагог ұйымдастырушы А.Халық пен аға тәлімгер Қ.Танекей 6-7 сынып оқушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынамалар жасап, түсіндіріп таратылды.
Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, әділдікке, адалдыққа тәрбиелеу, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны туралы түсінік қалыптастыру, алдын алу мәдениетін жетілдіру.



А С.Макаренко атындағы орта мектебінде Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 180- жылдығына орай ,,Абай ұлы даланың ойшылы,, тақырыбында вертуалды көрме өткізілді.
Мақсаты:Оқушыларға Абайдың өмір баянымен шығармашылығы н кеңінен таныстыру,оның даналық сөздері арқылы адамгершілікке, білімге, еңбекқорлыққа баулу,ұлттық құндылықтарды дәріптеу .
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ


