Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ
А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде 2025 жылдың қыркүйек айында “Отбасы – бақыт мекені” атты Республикалық апталық аясында, сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың отбасылық құндылықтарға деген құрметін арттыру, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты дәріптеу, мейірімділік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды.
Тәрбие сағаттары барысында оқушыларға отбасының қоғамдағы рөлі мен маңызы түсіндіріліп, “Менің бақытты отбасым”, “Отбасы – тәрбие негізі”, “Сыйластық пен мейірімділік – отбасының тірегі” тақырыптарында ой бөлісу, пікірталас, көріністер көрсету ұйымдастырылды. Сонымен қатар, оқушылардың отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында бейнероликтер көрсетіліп, өлеңдер оқылды.
Іс-шара оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, отбасылық құндылықтарға деген көзқарасын нығайтып, ұжымдық бірлікті арттыруға ықпал етті.
 
Возможно, это изображение 15 человек, люди учатся и текст
Возможно, это изображение 15 человек, люди учатся и текст "ДеНЬ сеМЬИ ДеНЬ CEMIA ДЕНЬ еМЬи UD цЕНЬ СеМЬИ"
Возможно, это изображение 17 человек, ребенок, люди учатся, детская игрушка и текст
Возможно, это изображение 17 человек, люди учатся, детская игрушка и текст
 
А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде «Менің берік отбасым» тақырыбында 1-сынып ата-аналарымен мектеп психологы Ж.Ченсызбаева психологиялық кеңес өткізді.
Кеңестің негізгі мақсаты – ата-аналарға отбасындағы береке-бірліктің бала тәрбиесіндегі маңызын түсіндіру, отбасы мүшелері арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты нығайту, ата-аналардың педагогикалық және психологиялық мәдениетін арттыру болды.
Шара барысында психолог ата-аналарға жағдаяттық тапсырмалар мен сұрақ-жауап әдістері арқылы тиімді қарым-қатынас орнатудың жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, отбасылық құндылықтарды сақтау мен нығайтуға қатысты пікір алмасты. Мектеп психологы ата-аналардың WhatsApp желілеріне психологиялық кеңес жадынамаларын таратты.
 
Возможно, это изображение 15 человек и текст
Возможно, это изображение 2 человека
Возможно, это изображение 2 человека
Возможно, это изображение 2 человека, больница и текст
Возможно, это изображение 2 человека и текст
А.С. Макаренко атындағы орта мектебінде «Менің бақытты отбасым» тақырыбында сурет байқауын технология пән мұғалімі А.Баялбекова өткізді. Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, отбасы құндылықтарын дәріптеу, әр баланың өз отбасына деген сүйіспеншілігін сурет арқылы жеткізе білуге баулу болды.
Шараға 5-6-7 сынып оқушылары белсене қатысып, өз отбасын қуаныш пен шаттықтың, мейірім мен бірліктің ордасы ретінде бейнеледі. Әрбір жұмыс оқушылардың қиялы мен өнерге қызығушылығын, сондай-ақ отбасына деген мақтаныш сезімін айқын көрсетті.
 
Возможно, это изображение 1 человек, ребенок, сердечко и текст "MyFamily My Family am ்ஷ"
Возможно, это зарисовка (1 человек)
Возможно, это иллюстрация (1 человек, дерево и текст)
Возможно, это зарисовка (1 человек и текст)
Возможно, это изображение 1 человек и текст
Возможно, это зарисовка (1 человек и текст)
Возможно, это изображение 1 человек, учится и текст
Возможно, это иллюстрация (1 человек, учится и текст)
А.С.Макаренко атындағы орта мектебінің “Отбасы -бақыт мекені” атты Республикалық апталықтық жоспарына сәйкес “Отбасы құндылықтары” тақырыбында интернат меңгерушісі Г.Адамжанова, интернат тәрбиешісі Ү.Байғараева ата-аналармен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында ата-аналар мектебімізге экскурсия жүргізіліп, интернаттың ішкі тәртібімен таныстырды. Мектеп медбикесі асханада интернат тәрбиеленушілердің ас мәзірімен таныстырып өтті.
«Отбасы құндылықтары» тақырыбында ата-аналармен кездесу мақсаты:
• Ата-аналарға отбасының қоғамдағы маңызы мен орны туралы түсінік беру;
• Отбасындағы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптеу;
• Ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты, өзара түсіністік пен жауапкершілікті нығайту;
• Бала тәрбиесінде отбасының шешуші рөлін айқындау;
• Қатысушыларды отбасылық бірлік пен татулықты сақтауға, өнегелі тәрбие беруге баулу.
 
Возможно, это изображение 7 человек, сердечко и текст
Возможно, это изображение 6 человек, люди учатся и текст
Возможно, это изображение 7 человек, люди улыбаются, больница и текст
 
© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ