Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ

МЕНЮ
А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде “Адал азамат - Адал еңбек - Адал табыс” тақырыбында сынып сағатын әлеуметтік педагог Н.Жадрасинова мен “Адал ұрпақ” клуб жетекшісі А.Тұрғынбай өткізді.
Мақсаты: Оқушыларға адалдық, әділдік, еңбекқорлық құндылықтарын түсіндіру, адал табысқа жетудің маңызын ұғындыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Сынып сағаты барысында «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» ұстанымының мәні кеңінен түсіндіріліп, адал еңбектің адам өміріндегі рөлі талқыланды. Оқушыларға адал табыстың – шынайы еңбектің нәтижесі екені, әділдік пен жауапкершіліктің қоғам дамуына қосатын үлесі жөнінде мәлімет берілді.
Пікірталас ұйымдастырылып, оқушылар адалдыққа, еңбекқорлыққа және парасаттылыққа қатысты өз ойларымен бөлісті. Адал азамат тәрбиелеудің қоғамдағы маңызы айтылды.
Сабақ оқушылардың адал еңбекке деген көзқарасын нығайтып, әділдік пен адал табыстың құндылығын түсіндіруге ықпал етті.
 
Возможно, это изображение учеба, детская игрушка и текст
МЕКТЕПТЕ "ДосболLIKE» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ НАУҚАНЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ!!! 📌 2025 жылдың 17 қараша күні Жамбыл облысы, Шу ауданы, А.С. Макаренко атындағы орта мектебінің 2 "А" сыныбының жетекшісі А.Құсабаева «Достық – татулықтың негізі» тақырыбында тәрбие сағатын жүргізді. Іс-шараның мақсаты оушылардың достық туралы түсініктерін кеңейту, бір-біріне деген сыйластық, құрмет сезімдерін арттыру, ұжымда тату қарым-қатынас қалыптастыру.
Сабақ барысында оқушылар:
- Достық туралы мақал-мәтелдермен танысты;
- «Мен досымды ренжіте алмаймын, себебі...» және т.б. сөйлемдерді толықтырып, өз ойларын айтты;
- Топпен жұмыс жасап, «Достық ережелерін» ойлап тапты;
- «Сынып ұраны» мен «Қарым-қатынас жадынамасын» құрды.
Сабақ өз деңгейінде өтті. Оқушылар белсенділік танытып, тақырыпқа қызығушылықпен қатысты. Достық, сыйластық, бірлік құндылықтары жайлы білімдерін кеңейтті. Барлық оқушы өз ойын айтып, бір-бірін тыңдауға және құрметтеуге дағдыланды. Тақырып бойынша мақсатқа қол жеткізілді.
 

А.С.Макаренко атындағы орта мектебі ,,Балалар кітапханасы " жоба аясында Балалар әдебиетінің бәйтерегі Сапарғали Бегалинге 5-7- сынып оқушыларына ұйымдастырылды.Мақсаты:жазушының балалар әдебиетіне қосқан үлесін насихаттау, шығармалар арқылы оқушыларды адамгершілікке еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

 

https://www.facebook.com/share/r/1C875pkieN/

А.С.Макаренко атындағы орта мектебі ,,Балалар кітапханасы " жоба аясында Балалар әдебиетінің бәйтерегі Сапарғали Бегалинге 5-7- сынып оқушыларына ұйымдастырылды.Мақсаты:жазушының балалар әдебиетіне қосқан үлесін насихаттау, шығармалар арқылы оқушыларды адамгершілікке еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

 

https://www.facebook.com/share/r/1X2nJ1MEF5/

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ