Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
"Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ
МЕНЮ
РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА!!! Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің А.С.Макаренко атындағы орта мектебінде рейдтік іс-шаралар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №1098 бұйрығына сәйкес, кәмелетке жасы толмағандардың мезгілсіз уақытта жүруін, сабақтан жалтаруын және кұқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 21,25 қараша күндері күндізгі және түнгі рейд ұйымдастырылады.
1. Оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау;
2. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруінің алдын алу;
3. Темекі шегу, ішімдік ішу, электронды темекі, вейп қолдану, құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу;
4. Көңіл көтеретін орындар , компьютерлік клубтарда және өзге де қоғамдық орындарда оқушылардың болуын анықтау.
Жасөспірім,есіңізде болсын, Сіздің амандығыңыз БІЗ үшін маңызды!
ЕСКЕРТПЕ!!! ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабына сәйкес кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылық анықталған жағдайда ,олардың ата-анасына немесе заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік жауапкершілік көзделетіндігі ескертіледі. #Рейд #Актуальные #Шу_ауданы_білім_бөлімі #Түнгі_рейд




А.С Макаренко атындағы орта мектебінде ,,Балалар кітапханасы "жоба аясында ,,Үзілісте кітап оқимыз " акциясы ұйымдастырылды. Мектебімізде оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру,оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында өтті. Іс шараға 1- сынып оқушылары белсене қатысты. Үзіліс уақытында балаларға пайдалы ,әрі көңілді, қызықты кітаптар оқытылды.
А.С. Макаренко атындағы орта мектепбінде “Тұмаудың алдын-алу мәселелері бойынша” тақырыптық диктанттар алу ұйымдастырылды.
2-11 сынып оқушылардың білім деңгейін анықтау және санитарлық-гигиеналық сауаттылықты арттыру мақсатында тақырыптық диктанттар алынды.
Диктант барысында оқушыларға тұмаудың белгілері, жұғу жолдары, алдын алу тәсілдері және денсаулықты сақтау мәдениеті туралы мәтіндер беріліп, олардың түсінігі мен жазу сауаттылығы тексерілді.
А.С Макаренко атындағы орта мектебінің кәсіптік бағдар беру педагогы: К.Курамаеваның ұйымдастырумен мектебіміздің 9 сынып оқушыларымен “2025 Жұмысшы мамандықтары жылы”тақырыбында Шу қаласында орналасқан “ҚТЖ” ЖШС филиалдары” Шу пайдалану локомотив депосына кәсіби-танымдылық экскурсия ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушыларды көлік саласындағы негізгі мамандармен таныстыру,темір жол және техникалық бағыттағы орындары,мазмұнын түсіндіру,болашақ кәсіби бағдарын анықтауға қолдау көрсету,өндірістік ортадағы қауіпсіздік талаптары мен еңбек мәдениеті туралы түсініктерін қалыптастыру.





© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің "Антон Семенович Макаренко атындағы орта мектебі" КММ






